Шильманов Сейтмағамбет Қуандықұлы

Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің орынбасары
Азаматтарды қабылдау кестесі
Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б
Әр сәрсенбі сайын сағат 10.00 ден 12.00 –ге дейін
Шильманов Сейтмағамбет Қуандықұлы

С.Қ. Шільманов 1959 жылыАқтөбе облысының Новороссиск ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған.

Новоресей ауданы халық депутаттары Кеңесі Төрағасының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, Новоресей ауданы прокурорының аға көмекшісі, Ақтөбе облысы прокуратурасы ІІБ тергеушісі, Ақтөбе облысы прокуратурасының прокуроры, Мұғалжар ауданы прокурорының міндетін атқарушы,Қарғалы ауданының прокуроры, Ақтөбе облыстық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот бұйрығының заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі Комитетінің Ақтөбе облысы сотының әкімшісінің Төрағасы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының Хромтау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.