ЛИ СЕРГЕЙ МИХАЙЛОВИЧ

Ақтөбе қаласы әкімі орынбасары
Азаматтарды қабылдау кестесі
03, 10, 17, 24, 31 Қазан
07, 14, 21, 28 Қараша
05, 12, 19, 26 Желтоқсан
Ахтанов көшесі, 50
14:30
ЛИ СЕРГЕЙ МИХАЙЛОВИЧ

С.М.ЛИ 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург жоғары әскери командалық училищесін құқықтану мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған, заң ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерінде қызмет етті.

Еңбек жолын банк саласында бастады. «Қазагропромбанк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының заң кеңесшісі, «Казкоммерцбанк» ААҚ Ақтөбе филиалының заң кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының әділет министрлігінің «Еңбек-Ақтөбе» РМК директоры лауазымында жұмыс жасады.

Салық қызметі органдарында: Ақтөбе облысының салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, Ақтөбе облыстық салық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы болып жасады.

Әділет органдарында: Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаментін басқарды және Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің сот актілерін орындау Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Соңғы жұмыс орны - Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының басқарма төрағасы  қызметін атқарды.