Кұдайбергенова Кәмшат Кұдайбергенқызы

Азаматтарды қабылдау кестесі
Ахтанова к-сі, 50
әр жұма сайын сағ. 14-00 дан 18-00 ге дейін
Кудайбергенова Камшат Кудайбергеновна

08 тамыз 1977 жылы Ақтөбе обл., Байғанин ауданында дүниеге келді. 1994-1996 жылдары Ақмола қаржы-экономикалық колледжі "Қаржы" мамандығы бойынша; 2000-2003 жылдары Алматы экономика және статистика академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996-2001 жылдары аралығында Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің 1-санаттағы маманы болып жұмыс жасады. 2001-2003жж. - Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің білім беру, мәдениет және спорт секторының бас маманы,  2003-2011жж. Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бюджеттік рәсімдер әдіснамасы, бюджеттің орындалуын талдау және әзірлеу секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

2011-2016 жж. аралығында  «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі" ММ басшысының орынбасарының қызметін атқарып келеді.