Испанов Ілияс Сапарбекұлы

Ақтөбе қаласы әкімі
Әлеуметтік желілерде
Азаматтарды қабылдау кестесі
03 Сәуір
08 Мамыр
05 Маусым
Т. Ахтанов, к. 50
11:00
Испанов Ілияс Сапарбекұлы

Туылған күні: 01.01.1976

Туылған жері: Қазақстан Республикасы, ОҚО

Отбасы жағдайы: үйленген, 4 бала тәрбиелеп отыр

Тілдерді білуі:

• Қазақ, орыс, ағылшын

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

• Қапланбек зоовет техникумы;
• Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті;
• Қазақ мемлекеттік басқару Академиясының нарық институты;
• Лондон Экономика және саяси ғылымдар мектебі;
• РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы Академиясы;

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

• Экономика ғылымдарының кандидаты;

Еңбек өтілі:

• «Ақ-бастау» АБ Сарыағаш филиалы директорының орынбасары;
• Сарыағаш қаласының Ұлттық банкі есептік-кассалық орталығының бастығы;
• Республикалық бюджеттік банкі Сарыағаш аудандық бөлімінің бастығы;
• «Темірбанк» ААҚ-ы Шымкент филиалының Сарыағаш қаласы ЕКО меңгерушісі;
• «Күркелес» ӨК төрағасының орынбасары;
• Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;
• Қазақстан Республикасы Кеден бақылау агенттігі төрағасының көмекшісі;
• Астана қаласы бойынша Кеден басқармасының бірінші орынбасары;
• Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитеті төрағасының орынбасары;
• Астана қаласының Соттар әкімшісі;
• Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
• Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің бастығы;
• Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйақылар, құрметті атақтар:

• «Құрмет» Ордені;
• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» медальдары;
• «Үш би» Құрмет белгісі, «ҚР Прокуратура органдарының құрметті қызметкері»