Гончаров Евгений Владимирович

"Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі"ММ басшысы
Азаматтарды қабылдау кестесі
Т. Ахтанов көшесі 50.
Сәрсенбі 9.00 - 13.00 дейін
Гончаров Евгений Владимирович

Гончаров Евгений Владимирович 1981 жылы дүниеге келді. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін дене тәрбиесі оқытушысы, спорт жаттықтырушысы біліктілігі бойынша аяқтаған.

Облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің велоспорт бойынша жаттықтырушысы, «Көктас-Ақтөбе» АҚ Фитнес орталығының меңгерушісі, «Корпорация Алатау» ЖШС-ның бас директорының орынбасары, «Астарта - Запад» ЖШС директоры болып қызмет атқарды.

Гір көтеру спорты бойынша 12 дүркін әлем чемпионы, 20 дүркін Қазақстан Республикасы чемпионы болып табылады.