Дүйсекенова Жанаргүл Балғазықызы

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысы
Азаматтарды қабылдау кестесі
Алтынсарин к-сі, 2.
Бейсенбі 9.00-13.00
Дүйсекенова Жанаргүл Балғазықызы

Ж.Б.ДҮЙСЕКЕНОВА 1980 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, «Қайнар» университетін заңтану бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған. 

«Жас и К» ЖШС офис-менеджері, Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы миграциялық бөлімінің маманы, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС юрист-консультанты, Ақтөбе облысы әділет департаментінің жетекші маманы, Ақтөбе қаласы әділет басқармасының бас маманы, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, басшысы, «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» ММ бас маман-заңгері, «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі болып жұмыс атқарды.