Бегей Айгүл Шалқарбайқызы

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы
Азаматтарды қабылдау кестесі
Ахтанов көшесі, 50, каб. №1,1а,1б,3.
Жұма 15.00-18.00
Бегей Айгүл Шалқарбайқызы

1980 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, Қазақ Гуманитарлық Заң  университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Ақтөбе қаласының қаржы бөлімінің шығындарды жоспарлау және мәдениет білім және спорт мекемелерін қаржыландыру бөлімі бас маманы, «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ экономикалық жоспарлау секторы меңгерушісі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі қорғанысты, құқық қорғау жүйесін және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті құқық, сот жүйесін және мемлекеттік органдарды дамыту басқармасының бас сарапшысы, ҚР Қаржы Министрлігі Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаменті құқық, сот жүйесі және мемлекеттік органдар басқармасының бас сарапшысы, ҚР Қаржы министрлігінің Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаменті Құқық және сот жүйесі саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау басқармасының бастығы, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаменті Құқық қорғау жүйесі басқармасының басшысы,ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру департаменті Құқықтық және сот жүйесі саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдар бюджеті департаменті Құқық және сот жүйесінің бюджеті басқармасының басшысы ретінде қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін  ҚР Қаржы министрлігінің Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары болып жұмыс атқарды.