Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
Азаматтарды қабылдау кестесі
09, 16, 23, 30 Қаңтар
06, 13, 20, 27 Ақпан
06, 13, 20, 27 Наурыз
Ахтанов көшесі, 50.
14:30
Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы

1966 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін аяқтаған, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ақтөбе аудандық емханасының педиатры, емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, «Ақбөбек» оңалту орталығының бас дәрігері, директоры, атқарушы директоры, Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры, Ақтөбе облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін “Ақбөбек оңалту орталығы” ЖШС бас директоры болып жұмыс атқарды.