«ӘЛИЯ ГҮЛІ» ДОСТАРЫН ҚАРСЫ АЛАДЫ!»

«ӘЛИЯ ГҮЛІ» ДОСТАРЫН ҚАРСЫ АЛАДЫ!»
Мереке
Басталу күні
14-06-2019 00:00
Аяқталу күні
18-06-2019 00:00

«ӘЛИЯ ГҮЛІ» ДОСТАРЫН ҚАРСЫ АЛАДЫ!»
атты Ақтөбе қаласының 150 жылдығына, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 94 жылдығына, Жастар жылына
арналған балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының
VIII ашық фестивалінің

ЕРЕЖЕСІ

Фестивальдің құрылтайшысы:
«Ақтөбе қаласының әкімдігі»
Фестивальдің уәкілетті органы:
«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Фестиваль ұйымдастырушылары:
«Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК
«Халықтық ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі
Патронат және меценаттар:
Ақтөбе қаласының әкімдігі
Облыстық мәдениет басқармасы
Қобда ауданының әкімдігі
Ақпараттық қолдау:
«АҚТӨБЕ» газеті, «АКТЮБИНСКИЙ ВЕСТНИК»,
«КЕРЕК-Инфо», «Ақтөбе ТАЙМС»,
«Үш таған» облыстық рухани-танымдық журналы,
«РИКА – ТВ», «ХАБАР», «ҚАЗАҚСТАН-АҚТӨБЕ».

ФЕСТИВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ:

- Түрлі елдер мен халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайту;
- Халықаралық ұлттық шығармашылықты  кеңейту, таныстыру және танымал ету;
- Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін қалыптастыру;
- Ақтөбе қаласына экскурсия жасап, танысу;
- Кеңес Одағының батырлары Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова,
«Халық қаһарманы» Х. Доспанованың ерліктерін насихаттау;
- Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованың туған жеріне саяхат;
- Отанға деген махаббат сезімдерін ояту, қызығушылықтарын арттыру;
- «Халықтық ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблімен танысу;

ФЕСТИВАЛЬДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

- Ұлттық мәдениеттерді жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
- Үздік шығармашылық ұжымдарымен танысу, қатысушылар арасында шығармашылық байланыстарды орнату;
- Балалардың шығармашылық қарым-қатынасын қолдау және дамыту үшін жағдай жасау;
- Шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастыққа өнерлі жетекші мамандарын және көрнекті өнер қайраткерлерін тарту;

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Фестивальға 7-30 жас аралығындағы шығармашылық ұжымдар вокал, хореография, аспаптық, театрлық жанр бойынша қатыса алады.

Жанры және жас санаттары, қатысушылардың жетекшімен бірге саны:

- Хореография: классикалық, балл, қазіргі заманғы пластика, эстрадалық, халық - стилистикалық би, модерн, шоу – 20 адамға дейін қатыса алады.
- Вокал: академиялық, эстрадалық, халықтық-ансамбльдер, хорлар, ән театрлары – 1-ден 12 адамға дейін қатыса алады.
- Аспаптық жанр: халық, симфониялық, эстрадалық – 1-ден 12 адамға дейін қатыса алады.
- Вокалдық-аспаптық жанр – ансамбль 5-тен 12 адамға дейін қатыса алады.
- Театр жанры бойынша – театрдың барлық бағыттағы ұжымдары – 16 адамға дейін қатыса алады.
- Цирк өнері – 12 адамға дейін қатыса алады.

ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:

- Фестивальді дайындау мен өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
- Ұжым жетекшісі балалардың өміріне  және денсаулығына жауапты;
- Ұжымдарда медициналық сақтандыру болуы керек;
- Қатысуға өтінім (белгіленген үлгідегі) көрсетілген нақты ақпаратты қамтуы тиіс: Әрбір қатысушының аты-жөні көрсетілген ұжым тізімі, туған күні мен жылы, мекен-жайы, төлқұжатының немесе туу туралы куәлігінің нақты деректері; Өтінімде қамтылған қатысушылардың саны туралы деректер соңғы болып есептеледі.
- Келу және кету күні, пойыздың, автобустың нөмірін ұйымдастыру комитетіне фестиваль басталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей хабарлауы керек;

 - Аккредиттеу үшін басшылардың, аудармашылардың, аккомпаниаторлардың суреті қажет;
- Фестиваль қатысушылары өз демеушісін жарнамалауға құқылы. Ол үшін қатысушы электрондық түрде демеушінің логотипін, фирманың атауы, директордың аты- жөнін жібереді.
- Фестивальға қатысушы талапкер түскен өтінімдер бойынша  бекітіледі;
-Халықаралық, қазақстандық немесе өңіраралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған талапкердің (дипломдардың көшірмелері) 2-3 бейнежазбасы болуы тиіс;
- Өткен фестивальдарға қатысқан ұжымдарға, бұрын көрсетілген нөмірлерді көрсету ұсынылмайды;
- Қатысуға ниет білдірген ұжымдар өтінішті 2019 жылдың  25 мамырына дейін
 жіберуі тиіс;

ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРТТАР:

- Тұру, тамақтану, мәдени бағдарлама бойынша шығындар, трансферт (фестиваль қатысушыларын қарсы алу вокзал - қонақ үй - вокзал  фестивальге қатысушыларды қарсы алу, кестеге сәйкес дайындық жұмыстарына қатысушыларды жеткізуді) қабылдаушы тарап өзіне алады;
- Қатысушыларды делегациялайтын ұйымдар Ақтөбеге дейін және кері қарай жол жүру шығындарын көтереді;
- Бір қатысушы үшін жарна 5000 теңгені құрайды.
Ұйымдастыру жарнасына кіреді:
-    Фестиваль барысында барлық зал мен ғимараттарға кіру мүмкіндігі;
-    Мастер-класс өткізу барысында залға кіру мүмкіндігі;
-    Фото-видео түсірілім (Фестивальдің ашылуы, Гала-концерт, мастер-класс)

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

- Фонограмманы жоғары cапалы дыбыста CD және флэш - тасымалдағышқа жазу;
- Әрбір жазбада:
- Ұжымның атауы;
- Орындаушының аты-жөні;
- тректің атауы нақты орындалу уақытымен.
- Концерттік бағдарламаның ұзақтығы: 15-20 минут.

МАРАПАТТАУ:

- Барлық қатысушылар фестиваль дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы
Өткізу мерзімі:    14.06.2019 ж. - қатысушылардың келуі
15.06. - 17.06.2019 ж. - фестиваль күндері
18.06.2019 ж. - қатысушылардың кетуі

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

- Осы регламентте көрсетілмеген мәселелерді ұйымдастырушылар шешеді.
- Фестиваль бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Байланыс телефондары: 8 - 701 - 747 - 26 - 67
E-mail:gdk2012@bk.ru
SH_Ainabekova@mail.ru