«Кондоминиум объектісін басқарудың үздік органы»

«Кондоминиум объектісін басқарудың үздік органы»
Байқау
Басталу күні
03-06-2019 00:00
Аяқталу күні
29-08-2019 00:00

«Кондоминиум объектісін басқарудың үздік органы»
байқауының  ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер:
1.1. Осы ереже «Кондоминиум объектісін басқарудың үздік органы»
байқауын өткізудің мақсаттары мен міндеттерін, тәртібі мен шарттарын анықтайды.
1.2. Байқау Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеуге орайластырылды.
1.3. Байқау кондоминиум объектілерін басқару органдарының (ПИК, ПоК, ЖШС, ЖК, УК, жеке тұлға) тұрғын үй қорын ұстау және аула аумақтарын абаттандыру бойынша оң тәжірибесін анықтауға және насихаттауға бағытталған.
1.4. Байқаудың  құрылтайшысы:
«Ақтөбе қаласының әкімдігі»
1.5. Байқаудың уәкілетті органы:
«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
1.6. Байқаудың ұйымдастырушылары:
«Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ

2. Мақсаты мен міндеттері:
2.1. Тұрғын үй қорын пайдалану және ұстау жөніндегі басқару органдарын дамыту және қолдау, осы бағыт бойынша жұмысты жандандыру және ынталандыру;
2.2. Көп қабатты тұрғын үй тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

3. Байқауды өткізу мерзімі:
3.1. Конкурс 2019 жылғы 03 маусым мен 29 тамыз аралығында өтеді.
3.2. 2019 жылдың 02 қыркүйегінен 12 қыркүйегіне дейін қатысушыларды марапаттау және қорытынды шығару.

4. Байқау шарттары:
4.1. Байқау «Кондоминиум объектісін басқарудың үздік органы» номинациясы бойынша өткізіледі.
4.2. Байқауға Ақтөбе қаласының ПИК, ДК, ЖШС, ЖК, ЖК, УК, кондоминиум объектілерін басқару мен күтіп ұстауға тартылған жеке тұлғалар қатысады.

4.3 Жұмыстар төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

р/с

Басқару органдарын бағалауға арналған Критерий

Бағалау  (баллмен)

1

Тұрғындармен жұмыс (бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік беттерінде жарияланған жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштер мен шағымдар)

10

2

Тұрғындар алдындағы басқару органдарының есебі (жиналыстарды өткізу мерзімін сақтау, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есепті ұсыну, тұрғын үйді жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы тұрғындарды хабардар ету)

10

3

Тұрғын үйлерді күзгі-қысқы маусымға дайындау (жылыту жүйелерін жуу және сығымдау, үй ішіндегі желілерді жылу оқшаулағыш, жалпы пайдалану орындарының терезелерін шынылау)

10

4

Тұрғын үй қорында жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу (өз күшімен немесе «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" Бағдарламасы шеңберінде күрделі, ағымдағы және профилактикалық жөндеуді жоспарлау және орындау)

10

5

Екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шотының болуы

10

6

Бірыңғай төлем құжаты бойынша шарттың болуы

10

7

Кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау бойынша құжаттаманың болуы және жүргізу сапасы

5

8

Аула аумақтарының және олардың жабдықтарының жай-күйі (тазалық, сауыттардың және шағын сәулет нысандарының, Спорт және балалар алаңдарының болуы)

5

9

Аулалар мен кіреберістерді жарықтандыру жағдайы

5

10

Кірме есіктердің және бекіту құрылғыларының болуы және жай-күйі

5

11

Е-ПИК және Е-Шаңырақ порталында тіркеу

5

12

Қауіпсіздік құралдарының болуы (бейнебақылау камералары, сигнализация, домофон және т. б.)

5

13

Хабарландыру тақтасының және басқа да ақпараттық материалдардың болуы

5

14

Тұрғын үйлердің аншлагтар мен нөмір белгілерінің жай-күйі

5

4.4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау бағалау критерийлеріне сәйкес ең көп балл саны бойынша жүзеге асырылады;
4.5. Қатысушылар байқауға өтінімдер мен материалдарды «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ 2019 жылдың 29 тамызына дейін ұсынуы тиіс.
4.6. Қатысушылардың өтінімдері Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2, 17 кабинет мекенжайы бойынша беріледі.

5. Байқауға қатысушыларды бағалау:
5.1. Байқауды ұйымдастыру, өтінімдерді қабылдау және құжаттарды дайындау бойынша жұмыс комиссия қарастыруды «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ мамандары жүзеге асырады;
5.2. Комиссия құрамына қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық әкімдіктің және жергілікті полиция қызметінің өкілдері, коммуналдық кәсіпорындар, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері кіреді.
5.3. Комиссия ұсынылған құжаттарға сәйкес талдайды, бағалайды, басқарудың үздік органдарын анықтайды;
5.4. Комиссия қосымша номинациялар мен арнайы жүлделер құруға құқылы.

6. Жеңімпаздарды марапаттау:
6.1. Байқаудың жүлде қорын Ақтөбе қаласының әкімдігі қамтамасыз етеді. Комиссияның бағалау нәтижелері бойынша байқаудың жүлделі орындарын анықтайды. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау баллдардың ең көп саны бойынша және бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады;
6.2. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;
6.3. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ-та ұсынылады.