Кезекті жәрмеңкелер 22 сәуір күні Ақтөбеде және ауылдық округтерінде өтеді

Кезекті жәрмеңкелер 22 сәуір күні Ақтөбеде және ауылдық округтерінде өтеді
Курайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінде, «Металлург» мәдениет үйі ғимаратының алаңында, «Алтай» базары және де 12 шағын ауданында (Халық банк жанындағы автотұрақ) өтеді. Жәрмеңке
Басталу күні
22-04-2017 07:00
Аяқталу күні
22-04-2017 07:00

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу өз жалғасын табуда.

Кезекті жәрмеңкелер 22 сәуір күні Курайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінде, «Металлург» мәдениет үйі ғимаратының алаңында, «Алтай» базары және де 12 шағын ауданында (Халық банк жанындағы автотұрақ) өтеді.

Қала тұрғындарына жәрмеңкелерге тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен жылыжай шаруашылықтарының өнімдері ұсынылады («Рамазан», «Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Ақтөбе Жылыжай», «Ақтөбе Жылыжай», «Риол», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).

Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі