«Қаланың 150 жетекші кәсіпорындары мен ұйымдары»

«Қаланың 150 жетекші кәсіпорындары мен ұйымдары»
Байқау
Басталу күні
01-02-2019 00:00
Аяқталу күні
15-08-2019 00:00

«Қаланың 150 жетекші кәсіпорындары мен ұйымдары» атты
қалалық байқауының
 ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер:
1.1. Осы ереже «Қаланың 150 жетекші кәсіпорындары мен ұйымдары»байқауын өткізудің мақсаттары мен міндеттерін, тәртібі мен шарттарын анықтайды;
1.2. Байқау Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеуге орайластырылды;
1.3. Байқау кәсіпорындар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін насихаттауға және қаланы дамытуға қосқан үлесін анықтауға бағытталған;
1.4. Байқаудыұйымдастыру және  іріктеуінөткізу, сондай-ақ байқау жеңімпаздары туралы шешім шығарудыәрбір сала дербес айқындайды;
1.5. Байқау 2019 жылдың 01 ақпанынан 15 тамызына дейін өтеді.
1.6. Байқау құрылтайшысы: Ақтөбе қаласының әкімдігі
1.7.Байқаудыңуәкілетті органы: «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.
1.8. Байқау  ұйымдастырушысы: «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК.

2. Байқаудың мақсаты:
2.1. Қаланың тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындары мен ұйымдарын анықтау және олардың қызметін ынталандыру;

3. Байқаудың міндеттері:
3.1. Жетістіктерді конкурстық бағалау арқылы қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының қоғамдық маңыздылығын арттыру;
3.2. Олардың қызметі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.

4. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар
4.1. Байқауға қатысуға меншік нысанына қарамастан, Ақтөбе қаласының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын және осы Ереженің талаптарына жауап беретін әр түрлі қызмет саласындағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар мүмкіншілігі бар.
4.2. Байқауға қатысу үшін міндетті түрде қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың толық тізбесімен расталған, жүзеге асырылатын қызмет бойынша шынайы және толық ақпарат ұсыну қажет.

5. Байқауды өткізуді ұйымдастыру
5.1. Ұйымдастырушы байқауды өткізу туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастырады.
5.2. Байқауға қатысушылардың өтінімдерін (қосымшаларға сәйкес) конкурстық комиссия бағалайды.
5.3.  Комиссия байқаудың номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды және марапаттау жөнінде шешім қабылдайды.
5.4. Байқау  қатысушылары  туралы барлық ақпарат құпия болып табылады.

6. Байқау номинациялары
6.1.Әрбір ұйымдастырушы жеке әзірлейді.
6.2. Әрноминациядабіржеңімпазанықталады.

7. Байқауға қатысуға өтінім беру тәртібі
7.1. Байқауға қатысуға өтінім берутәртібін әрбір ұйымдастырушы жеке әзірлейді.
7.2. Уәкілетті орган өтінімдерді тіркейді, олардың дұрыс рәсімделуіне және осы ереженің талаптарына сәйкес құжаттардың толық болуына тексеру жүргізеді.

8. Байқауды іріктеудің критерийлері мен тәртібі
8.1. Үміткерлерді конкурстық іріктеу өтінімде ұсынылған деректер негізінде  іріктеудің барлық критерийлері бойынша ұпайларды есептеу жолымен жүргізіледі. Уәкілетті орган өтініш берушіден бағалаудың шынайылығы мен объективтілігі үшін қосымша - нақтылаушы ақпаратты сұратуға, сондай-ақ жүлде орнын алуға үміткер қатысушылардың кәсіпорындарына тексеру жүргізуге құқылы.  Қатысушылардың қорытынды бағасы конкурстық іріктеу критерийлері бойынша ұпайларды қосумен анықталады.
8.2. «Жыл үздігі _________»атағын беру туралы шешімі көпшілік даусымен қабылданады.
8.3. Әрбір номинацияда байқау жеңімпаздары туралы шешімді конкурстық комиссия және оның төрағасы бекітеді.

9. Қорытынды жасау және жеңімпаздарды марапаттау
9.1. 2019 жылдың 20 қыркүйегінде әр номинация бойынша байқау жеңімпаздары қала әкімі атынан мерейтойлық естелік сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.
9.2. Байқау жеңімпаздары өз құжаттары мен жарнамалық материалдарында байқау жеңімпазы атағын пайдалану құқығы бар.
9.3. Жүлделі орын алмаған қатысушыларға байқауға қатысушының дипломдары тапсырылады.
9.4. Байқау қорытындысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.