«JUNIOR JAZZ-2019»

«JUNIOR JAZZ-2019»
Ақтөбе қаласы Жеңіс даңғылы, 31 Қалалық Мәдениет үйі Мереке
Басталу күні
28-05-2019 00:00
Аяқталу күні
28-05-2019 00:00

«JUNIOR JAZZ-2019»
 атты Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған
Джаз музыкасының балалар фестиваль-байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. «JUNIOR JAZZ – 2019» джаз музыкасының балалар фестиваль - байқауы (бұдан әрі – фестиваль - конкурс):
- БММ, БМИ және музыкалық колледж оқушылары арасында джаз музыкасының орындаушылық шеберлігін арттыру;
- джаз музыкасын, жеке, ансамбльдік және оркестрлік орындауларды насихаттау мақсатында жүргізіледі.
1.2. Фестиваль-байқаудың құрылтайшысы: Ақтөбе қаласының әкімдігі
1.3. Фестиваль-байқаудың уәкілетті органы: «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.
1.4. Фестиваль-байқауды ұйымдастырушы: «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК, эстрадалық үрлемелі оркестр.
1.5. Фестиваль-байқау Ақтөбе қаласында 2018 жылдың 28 мамырында «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК өтеді.

2. Фестиваль-байқауды өткізу шарттары:
2.1. Фестиваль-байқауға қатысуға жіберіледі:
- БММ, БММ және музыкалық колледж жеке орындаушылары мен ұжымдары;
- Жеке қатысушы үшін жарна - 5000 теңге, ансамбль мен оркестрлер-3000 тенге құрайды.
2.2. Фестиваль-байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
«Жеке орындау» - 4 санатты.
«Ансамбльдер» - 4 санатты.
«Оркестрлер» - 4 санатты.

І. «Жеке орындау» номинациясы
«А» санаты – 7-9 жас;
«B» санаты – 10-12 жас;
«С» санаты – 13-15 жас;
«D» санаты – 16-20 жас;

ІІ. «Ансамбльдер» номинациясы
«А» санаты – 7-9 жас;
«B» санаты – 10-12 жас;
«С» санаты – 13-15 жас;
«D» санаты – 16-20 жас;

ІІІ. «Оркестрлер» номинациясы
«А» санаты – 7-9 жас;
«B» санаты – 10-12 жас;
«С» санаты – 13-15 жас;
«D» санаты – 16-20 жас;

3.Бағдарламалық талаптар:

3.1. Бағдарламада джаз бағытындағы шығармалар міндетті.
3.2. Бағдарламаның барлық өзгерістері туралы алдын ала хабарлау қажет.
3.3. Фестиваль-байқауға қатысушылар келген соң тіркеуден өтіп, бағдарламамен келісу керек.
3.4. Өнер көрсету  ұзақтығы:
«А» санаты – 8 минуттан аспайды;
«В» санаты – 10 минуттан аспайды;
«С» санаты – 15 минуттан аспайды;
«D» санаты – 20 минуттан аспайды.

4. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
4.1. Фестиваль-байқауды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
4.2. Фестиваль-байқаудың шығыстар сметасын фестиваль-байқаудың ұйымдастырушылары бекітеді. Сахналық көріністерді жүзеге асыру және өнер туындыларын, оның ішінде:
- сахнаны арнайы эффектілермен сахналық көркем безендіру;
- гүл композицияларын жасау бойынша қызметтер;
- Баспаханалық қызметтер (буклеттер, бейдждер, кәдесыйлар, белгішелер және т. б.);
- қатысушыларды марапаттау;
- өзге де тауарларды, қызметтерді сатып алу фестиваль-байқауды ұйымдастырушының қаражатынан жүзеге асырылады;
4.3. Қатысушыларды марапаттау фестиваль-байқаудың жабылуында өтеді.
- арнайы сыйлықтар, дипломдар, алғыс хаттар беріледі;
- жеке орындаушылар мен ұжым басшылары алғыс хаттарымен марапатталады.
4.4. Қорытынды гала-концертке фестиваль-байқаудың барлық қатысушылары қатысады.

5. Фестиваль - байқаудың қазылар алқасы
5.1. Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы жетекші өнер қайраткерлерінен, еңбек сіңірген қызметкерлерінен және мәдениет қайраткерлерінен құралады.
5.2. Қазылар алқасы дипломант атағын және арнайы жүлделерді тағайындауға құқылы.
5.3.Ұйымдастырушылар фестиваль-байқаудың өткізілу мерзімі мен орнын қайта қарауға және ауыстыруға құқылы.

6. Фестиваль-байқаудың қорытындысын шығару
6.1. Фестиваль-байқаудың қорытындысы конкурстық тыңдау аяқталғаннан кейін шығарылады. Қазылар алқасының құрамы:
1. Бас жүлде-1 (50 000 теңге);
2. І дәрежелі лауреаттар 4 санат бойынша 30 000 теңгеден;
3. ІІ дәрежелі лауреаттар 4 санат бойынша 20 000 теңгеден;
4. ІІІ дәрежелі лауреаттар 4 санат бойынша 10 000 теңгеден тағайындайды.

7. Өтінім беру тәртібі

7.1. Фестиваль-байқауға қатысу үшін өтініш беру қажет (қосымша №1):
Қазақстан Республикасы,
Ақтөбе қаласы Жеңіс даңғылы, 31 Қалалық Мәдениет үйі

e-mail: gdk2012@bk.ru

7.2. Ұйымдастыру комитеті фестиваль – байқауды өткізу шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.
7.3. Фестиваль-байқауға қатысушылардың келуі мен кетуі бойынша барлық шығындарды фестивальдің жіберуші жағы немесе қатысушылары көтереді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті қосымша