«JAZZ FEST – AKTOBE»

«JAZZ FEST – AKTOBE»
Ақтөбе қаласы Жеңіс даңғылы, 31 «Қалалық Мәдениет үйі» МКҚК Мереке
Басталу күні
25-10-2019 00:00
Аяқталу күні
26-10-2019 00:00

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «JAZZ FEST – AKTOBE»  атты  джаз фестивалінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. «JAZZ FEST – AKTOBE»  атты джаз фестивалінің (бұдан әрі – фестиваль) мақсаты:
- Джаз музыкасын орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру;
- Ансамбльдік және оркестрлік орындауларды насихаттау;
1.2.Фестиваль құрылтайшысы:
Ақтөбе қаласының әкімдігі
1.3. Фестивальдің уәкілетті органы:
«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
1.4. Фестиваль ұйымдастырушысы:
«Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК
Эстрадалық үрлемелі оркестр
1.5. Фестиваль 2019 жылдың 25-26 қазан аралығында Ақтөбе қаласында Қалалық мәдениет Үйінде өтеді.

2. Фестивальді өткізу шарттары:
2.1. Фестивальға қатысуға жіберіледі:
- орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің ұжымдары;
- кәсіби ұжымдар.
2.2. Фестиваль екі номинация бойынша өткізіледі:
 «Ансамбльдер» - 3 санатты.
 «Оркестрлер» - 3 санатты.

І. «Ансамбльдер» номинациясы

 «А» санаты – орта кәсіби білім беру мекемелері;
«B» санаты – жоғары кәсіби білім беру мекемелері;
«C» санаты – кәсіби ансамбльдер.

II. Оркестрлер номинациясы бойынша:

«A» санаты – орта кәсіби білім беру мекемелері;
«B» санаты – жоғары кәсіби білім беру мекемелері;
«C» санаты – кәсіби оркестрлер.

3. Бағдарламалық талаптар

3.1. Ансамбльдер мен оркестрлердің бағдарламаларында джаз бағытындағы шығармалар міндетті.
3.2. Бағдарламаның барлық өзгерістері туралы алдын ала хабарлау қажет.
3.3. Байқауға қатысушылар келген соң тіркеуден өтіп, бағдарламаны келісу керек.
3.4. Өнер көрсету ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

4. Фестивальді  қаржыландыру

4.1. Фестивальді қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
4.2 Шақырылған қонақтарға  тұру және тамақтану үшін ақы төлеу, авиабилеттер, теміржол билеттері (бару және қайту) фестивальді ұйымдастырушының қаражаты есебінен төленеді.
4.2.1. Шақырылған қатысушыларға тұру және тамақтану үшін ақы төлеу фестивальді ұйымдастырушының қаражаты есебінен төленеді.
4.3. Фестиваль шығын сметасын фестиваль ұйымдастырушылары бекітеді.
Сахналық көріністерді жүзеге асыру және өнер туындыларын, оның ішінде:
- сахнаны арнайы эффектілермен және шарлармен сахналық көркем безендіру;
- гүл композицияларын жасау бойынша қызметтер;
- баспалық қызметтер;
- автокөлік құралдарын жалға алу;
- қатысушыларды марапаттау;
- өзге де тауарларды және қызметтерді сатып алу фестиваль-байқауды ұйымдастырушының қаражатынан жүзеге асырылады;
4.4. Қатысушыларды марапаттау рәсімі фестивальдің жабылу күнінде өткізіледі.
- арнайы сыйлықтар, диплом, мақтау қағаздары ұсынылады;
- ұжым жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.
4.5. Қорытынды гала-концертте фестивальдің барлық қатысушылары өнер көрсетеді.

5. Өтінім беру тәртібі

5.1. Фестивальға қатысу үшін өтініштер (қосымша №1) 2019 жылдың 25 қырқүйегіне дейін төмендегі мекен- жайда қабылданады:
    Қазақстан Республикасы  Ақтөбе қаласы  Жеңіс даңғылы, 31  «Қалалық Мәдениет үйі» МКҚК
    e-mail: gdk2012@bk.ru

5.2. Ұйымдастыру комитеті фестивальді өткізу шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.
5.3. Байқауға қатысушылардың келуі мен кетуі бойынша барлық шығындарды жіберуші тарап немесе байқауға қатысушылар көтереді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті қосымша