«Халықтық»«Наставник» еңбек ардагерлері хоры

«Халықтық»«Наставник» еңбек ардагерлері хоры
Актобе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31, «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК Мереке
Басталу күні
13-06-2019 00:00
Аяқталу күні
14-06-2019 00:00

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және «Халықтық»«Наставник» еңбек ардагерлері хорының 40 жылдығына арналған хор ұжымдары фестивалінің ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР:
1.1. Осы Ереже хор ұжымдары фестивалін (бұдан әрі – Фестиваль) өткізу тәртібі мен мерзімін, орындалатын бағдарламаға қойылатын байқау талаптарды белгілейді және жеңімпаздарды анықтайды.
1.2. Фестивальдің құрылтайшысы: Ақтөбе қаласының әкімдігі
1.3. Фестивальдің уәкілетті органы: «Ақтөбе қалалықмәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
1.4. Фестиваль ұйымдастырушылары: «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК,
«Халықтық»«Наставник» еңбек ардагерлері хоры.

2. ФЕСТИВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
2.1. Фестиваль қаланың және облыстың хор ұжымдарын анықтау және қолдау мақсатында өткізіледі.
2.2. Фестивальдің Міндеттері:
- хор қатысушыларының қабілеттерін анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру;
- хор ұжымдарының орындаушылық деңгейін арттыру;
- қаламыздың тарихы мен даңқын көркем құралдар арқылы насихаттау;
- ұлттық рухани, классикалық және халықтық музыкалық мұраны насихаттау мақсатында вокалдық өнердің үздік үлгілерін насихаттау және дәстүрлерді сақтау.

3. ФЕСТИВАЛЬДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ:
3.1. Фестивальге қатысушылар санына қарамастан мәдениет саласының көркем өнерпаз хор ұжымдары қатыса алады.
3.2. Фестиваль 2019 жылдың маусым айында Жеңіс даңғылы 31 мекен-жайында «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК өтеді.
3.3. Байқау көрермендер үшін ашық түрде өткізіледі.
3.4. Фестивальге жіберілген өтінім қатысушының фестивальді танымал ету мақсатында фото, бейнематериалдарды пайдалануға келісімін білдіреді.

4. ТАЛАПТАР:
4.1. Барлық хор ұжымдары байқау бағдарламасын міндетті түрде әр түрлі сипаттағы 2 вокалдық туындыдан ұсынады, бірі «a-capella» қазақ халық музыкасының туындысынан, екіншісі – таңдау бойынша.
4.2. Бір шығарма 3-4 минуттан аспауы тиіс.
4.3. Фестивальға қатысуға өтінімдер №1 қосымшаға сәйкес толтырылады.
- ұжымның толық атауы (егер бар болса);
- мекен-жайы;
- қатысушылар саны (санмен);
- ұжымбасшысының Т.А.Ә., лауазымы толық;
- концертмейстердің толық аты-жөні;
- солисттің аты-жөні;
- концерттік нөмір бағдарламасы;
- орындалатын бағдарламаның жалпы хронометражы;
- бағдарламаны техникалық сүйемелдеу (қажет болса).
Фестивальдің нақты уақыты қосымша хабарланады.

5. ФЕСТИВАЛЬДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ:
5.1. Фестивальді қаржыландыру бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
5.2. Фестиваль қатысушылардың келуі мен кетуі бойынша барлық шығындарды жіберуші тарап немесе фестиваль қатысушылары көтереді. Фестиваль қатысушыларының тұруы және тамақтануы үшін ақы төлеу ұйымдастырушысының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5.3. Фестиваль шығын сметасын фестиваль ұйымдастырушылары бекітеді. Сахналық көріністерді жүзеге асыру және өнер туындыларын, оның ішінде:
- сахнаны арнайы эффектілермен және шарлармен сахналық көркем безендіру;
- гүл композицияларын жасау бойынша қызметтер;
- баспаханалық қызметтер;
- автокөлік құралдарын жалға алу;
-реквизиттерді (тауарларды) жәнеөзге де тауарларды, қызметтерді сатып алу фестиваль ұйымдастырушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
5.4. Фестиваль ұйымдастырушылары қажетті жарнамалық-ақпараттық өнімдер шығарады, БАҚ-пен ақпараттық-демеушілік қарым-қатынас орнатады.
    Фестиваль туралы ақпарат баспасөзде және интернет ресурстарда және теледидарда орналастырылады. Фестивальдің материалдары мен қорытындылары бейне - және фото есептерде көрсетіледі.

6. ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:
6.1. Фестивальдің қазылар алқасы жетекші өнер қайраткерлерінен, еңбек сіңірген қызметкерлер мен мәдениет қайраткерлерінен және мәдениет саласындағы сарапшылардан құралады.

7. МАРАПАТТАУ:
7.1. Фестиваль жеңімпаздары қала әкімінің атынан «фестиваль лауреаты» атағына ие дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

8. БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:

Актобе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31, «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК
Телефон: 8(7132) 41-80-09
Электрондық мекен-жайы:gdk2012@bk.ru