«Гүлзарлар-әсемдік әлемі!»

«Гүлзарлар-әсемдік әлемі!»
Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31,Қалалық Мәдениет Үйі ғимараты Байқау
Басталу күні
01-02-2019 00:00
Аяқталу күні
30-04-2019 00:00

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған
«Гүлзарлар-әсемдік әлемі!»аттыгүлзарлар байқауының
ЕРЕЖЕСІ

2019 жылғы мамыр айында Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК Ақтөбе  қаласының 150 жылдық мерейтойынаарналғангүлзарлармен айналысатын кәсіби мекемелер арасында «Гүлзарлар-әсемдік әлемі!»атты гүлзарлар байқауын өткізеді.

Байқаудың құрылтайшысы –Ақтөбе қаласының әкімдігі

Байқаудың уәкілетті органы–  «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Байқаудың ұйымдастырушысы – «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК.

Байқаудың мақсаты

- Қаламыздың әрбір аудандарында  қала тұрғындарына және қала қонақтарына Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойын  насихаттау;
- Гүл өсірумен айналысатын мамандардың эстетикалық талғамдарының  өрістеуін насихаттау;
- Сәндік гүл өсірудің заманауи жетістіктерін дамыту және танымал ету;
- Флористика саласындағы мамандардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын таныту,жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
-Қаламыздың  эстетикалық көркеюіне назар аудару;
- Абаттандыру жұмыстарының тиімділігі мен сапасын жақсарту, қаланың эстетикалық және функционалдық тартымдылығын қалыптастыру.

Байқау шарттары

-    Байқауға қаламыздағы гүлзарлармен кәсіби түрде айналысатын мекемелер  қатыса алады;
-    Гүлзарда гүлдерден құрастырылған «Ақтөбе – 150 жыл»жазбасы болуы тиіс.
-    Ерекше талғамдағы гүлзарларды гүлдермен безендіре отырып, креативті  туындыны жасай білу;

Бағалау критерийлері

-Гүл композиция идеясының ерекшелігі, «Ақтөбе – 150 жыл» жазбасының қолданылуы;
-Гүл композициясының сәулеттік-кеңістіктік шешімі;
-Сәндік безендірудің стандартты емес тәсілдерін пайдалану.

Марапаттау рәсімі

1. Бас жүлде – 300000 теңге
2. І орын – 200000 теңге
3. ІІ орын – 100000 теңге
4. ІІІ орын – 50000 теңге
5.Арнайы сыйлық «Көрермендер көзайымы»–20 000 теңге

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар Ақтөбе қаласы әкімінің атынан диплом және ақшалай сертификатпен марапатталады.Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды, шағымдануға және қайта қарауға жатпайды.

Өтініштер 2019 жылдың  1ақпан айынан бастап  30 сәуір айына дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады:

Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31,Қалалық Мәдениет Үйі ғимараты,

Байланыс телефондары:
+7 771 2917290
+7 775 0579737

Е-mail: Gdk2012@bk.ru