«Ақжарма тілек төгілген күн!»

«Ақжарма тілек төгілген күн!»
Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы,31, «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК. Байқау
Басталу күні
25-02-2019 00:00
Аяқталу күні
15-03-2019 00:00

«Ақжарма тілек төгілген күн!» атты Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған тілектер байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1.  Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Ақжарма тілек төгілген күн!»(бұдан әрі - байқау) байқауының өткізілу мақсаты мен міндеттерін, тәртібі мен шарттарын және қаржыландыруын анықтайды.
1.2. Байқау қаланың 150 жылдығын мерекелеуге арналған.
1.3. Байқаудың құрылтайшысы:
 Ақтөбе қаласының әкімдігі
1.4. Байқаудың уәкілетті органы:
 «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.
1.5. Байқауды ұйымдастырушысы
«Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1 Өз қаласына деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу.
2.2 Қалың жұртшылыққа қаламыздың жарқын жетістіктері, маңызды оқиғалары туралы ақпаратты тарату, позитивті-бағытталған шығармашылық қызметті насихаттау.
2.3 Ой-өрісін кеңейту,алға қойылған міндеттерді шешуде байқағыштықты, эстетикалық талғамды дамыту.

3. Байқауды өткізу және өтінім беру мерзімі

3.1.Байқау 25.02-15.03.2019 аралығында өткізіледі.

4.Байқау шарттары:

4.1 Облыстың кез келген тұрғыны әр түрлі жанрдағы құттықтауларды ұсына алады, мысалы:
- поэзия;
- проза;
- видео құттықтау (музыкалық) және басқа да түрлері.
Байқауға   Ақтөбе қаласы және облысының кез келген тұрғыны қатыса алады. Қатысушының жас ерекшелігі шектелмейді. Жұмыс жеке және ұжымдық болуы мүмкін.
4.2 Байқауға ұсынылған тақырып бойынша авторлық жұмыстар қабылданады, қатысушыға тиесілі емес жұмыстарды пайдалануға тыйым салынады.

4.3 Байқау 2 кезеңде өтеді:
1- кезең – іріктеу  (www.instagram.com ресми парақшасында оқырмандардың ең көп оң пікірлер, яғни «лүпіл» жинағанжұмыстар финалға өтеді).
2- кезең – финал (Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша).

4.4 Байқаудың қазылар алқасы қатысушыларды төмендегі критерийлер бойынша бағалайды:
- байқау тақырыбына сәйкестігі;
- шығармашылық жаңалық;
- бірегейлігі;
- бейнеқұттықтауүшіндыбыстықсүйемелдеудіңболуы, видеоэффектілер, жалпыэмоциялыққабылдау.
4.5 Байқауға жіберілген жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты байқауға жіберген автор (қатысушылар ұжымы) жауапты болады.
4.6 Байқауға өз жұмысын ұсына отырып, автор (қатысушылар ұжымы) байқауды ұйымдастырушыларға жіберілген материалдарды танымал әлеуметтік желілерде пайдалануға автоматты түрде рұқсат береді.
4.7  Қатысушылар өтінімді «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК-не 2019 жылдың 15 наурызына дейін № 1 қосымша, № 2 қосымшаларға сәйкес үлгі бойынша ұсынуы тиіс:

Қосымша № 1

Аты-жөні, тегі

Туған жылы, күні, айы

Оқу/жұмыс орны

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

№ 2 қосымша (мәтін) конвертте, бейне құттықтау –электрондық нұсқада ұсынылады.

5. Марапаттау:
Гран-при -50,0 мың.теңге
1 орын  - 30,0 мың.теңге
2 орын  - 20,0 * 2 мың.теңге
3 орын  -15,0 * 2 мың.теңге
Ынталандыру  -10,0 * 5 мың.теңге

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ-қа ұсынылады.

 6. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары мына мекен-жайда қабылданады:
Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы,31, «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК.

Байланыс телефоны: 8(7132) 41-80-09

Электрондық пошта: gdk2012@bk.ru