Мереке
Басталу күні
01-12-2016 08:00
Аяқталу күні
25-12-2016 21:00
1

 

Еліміздің көк Туын желбіреткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңындағы 25 жұлдызды күндер қатарында Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі де өз үлесін қосып, еліміздің болашағы жастарды қолдау және денсаулығын шыңдау мақсатында балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап айтсақ, мереке күндері «Спортқа 25 қадам!»акциясы аясында үстел теннисі, үлкен теннис, таэквондодон жарыстар және қыздар арасында шағын футболдан ақтық ойындар өткізіледі. Сонымен қатар, 16 желтоқсан күні шаңғыдан қысқы мерзімнің ашылуы өтеді. Бұдан бөлек орталық саябақта «World Class» фитнес клубымен бірге балаларға арналған қысқы эстафета өткізіледі.
Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі Қалалық білім бөлімімен бірлесіп «Мен спортты таңдаймын!» атты эстафета өткізуде. Эстафтеалық жарыстар әр аптаның әрбір жексенбісі сайын барлық жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында, спорттық мектептерінде өткізуде. Әр жексенбілік «Мен спортты таңдаймын!» іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінде бастамасын алған болатын. Спорттық залы жоқ мекемелердің ұжымдары да «Дені саудың – жаны сау!» ұранымен аэробикалық би сағаттарын, спорттық викториналар мен эстафеталық ойындарын өз ғимарат ауласында өткізуде.