Ақтөбеде 8 наурызға арналған мерекелік шаралар өтуде

Ақтөбеде 8 наурызға арналған мерекелік шаралар өтуде
Мереке
Басталу күні
01-03-2017 08:00
Аяқталу күні
15-03-2017 08:00

8 наурыз Халықаралық әйелдер Күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспары 85 мәдени-көпшілік шаралардан тұрады, бұл мерекелік бағдарламалар, концерттер, байқаулар, дөңгелек үстелдер, көрмелер.

Дәстүрге сәйкес, 1 және 7 наурыз аралығында 100 жасқа жеткен аналарды, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналарын үйлерінде құттықтау бойынша қайырымдылық акция ұйымдастырылады.

2 наурызда «Алақай» қуыршақ театрында есту қаблеті нашар мүгедек қыздар арасында байқау өтеді.

3 наурызда «Атамекен» ойын-сауық орталығында Ақтөбе қаласының сал аурына шалдыққан азаматтарды қолдау бірлестігімен «Біз біргеміз» атты мерекелік акция ұйымдастырылса, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Достық аруы» атты байқау өтеді.
Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда 4 наурызда Абай Бегейдің «Айжұлдыз» атты концерті өтеді, ал 5, 6, 7 наурызда «Мереке күніңмен!» атты мерекелік акция өтеді.

6 наурызда Жастар Сарайында «Сіздер үшін» атты «Ақтөбе» вокалды ансамблі және эстрадалық үрлемелі оркестрінің мерекелік бағдарламасы өтеді.

7 наурызда «Шың жүрегіммен» атты облыстық және қалалық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

7 наурызда Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда халық әртісі А.Днишевтың «Арулар асыл жандар» атты мерекелік концерті өтеді.

8 наурызда студенттер Сарайында Қазақстан эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепбергеннің «Анаға сәлем» атты концерті өтеді.

6, 7, 8 наурызда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында қала тұрғындары Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» атты драмасын, Ш.Бошбековтың «Темір қатын» комедиясын, А.Слаповскийдің «Рождение» комедиясын барып, ақысыз тамашалай алады.

Барлық білім беру мекемелерінде 2 және 7 наурыз аралығында тәрбие сағаттары, байқаулар, фестивальдер, мерекелік концерттер, ертеңгіліктер, қаланың кітапханаларында кітап көрмелері, оқу конференциялары, кездесулер, тақырыптық сағаттар өтеді.

Спорт мектептерінде бірқатар шаралар жоспарланған, олар: қалалық біріншіліктер, чемпионаттар, қыздар арасында сайыстар.

15 наурызда «Геолог» мәдениет үйінде 1-3 класс оқушылары арасында «Маленькая леди» байқауы өтсе, 17 наурызда «Сырласайық жеңеше» атты ауылдық округ келіндері арасында байқау өтеді.