Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай өтетін «150 игі іс» атты акциясы туралы ақпарат

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай өтетін  «150 игі іс» атты акциясы туралы ақпарат
Шара
Басталу күні
06-01-2019 00:00
Аяқталу күні
15-03-2019 00:00

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен, қалалық әкімдігінің қолдауымен, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «150 игі іс» атты қалалық акциясы 2019 жылдың 6 қантарынан бастап 15-наурыз күндері аралығында өтуде.  

Акцияның негізгі мақсаттары, тәуелсіздігіміздің құндылықтары мен қадір қасиетін жастар арасында кеңінен насихаттау, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығының нышаны ретінде әрбір азаматын игі істерді жасауға шақыру, адамдарды бір-біріне көмек көрсетіп, мейірімді болуға үндеу, ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру, жастар мен жасөспірімдер арасында бірлесіп жұмыс жасау және одан әрі дамыту , өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау, өз жұмыстары арқылы эстетикалық талғамдарын көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашуға көмек беру және оны қолдауға.

«150 игі іс» акциясы аясында жалғыз басты қарттарға, ауру жандарға көмек көрсетіп, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелей отырып, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосу – жасауға болатын игі істер қатарына жатады.

Жасалған игілікті істерді суретке, бейнетаспаға түсіріп, жергілікті әлеуметтік желілерге және БАҚ-қа шығаруs қажет.

Ең үздік жасалынған игі істер «Наурыз» мерекесі аясында Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.