545

Дата обращения 23.01.2019 Көлік қызметі
ФИО
Маханов Женисбек Нурланович
Cұрақ тексті
Құрметті Ілияс Сапарбекұлы мырза!
Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Нұр Ақтөбе массивы, 4 – ші шағын ауданының халқының жан айқайын жеткізгім келеді. Ақтөбе қаласының әкімдігінің сайтына бір емес бірнеше қоғамдық көлігіне қатысты арыз-шағымдар келіп түседі. Осы шағымдарға әкімшілік тарапынан жазылған жауаптарды оқып отырсаң, бір тұшымды жауап жоқ.
Қарапайым халықтың көбісі осы Нұр Ақтөбе ауданында тұрады, көбісінде жеңіл автокөліктің жоқтығынан қоғамдық көлікпен қала орталығына қатынайды. Шеткі шағын аудан болғандықтан, қыстың қақаған аязында және өмеңіңді тесіп, маңдайыңды жарып өтетін желден қара халық маршруттардың жүру арақашықтығына шыдамайды. Ең аяғы аялдамада аяздың әсерінен тоңып, шырылдаған кішкентай балалардың дауысынан жаның түршігеді.
Негізгі бекітілген маршруттың жүру арақашықтығы 15 минут, алайда жүру арақашықтығы 30 минуттан кем емес. Аптаның сенбі, жексенбі күндері маршруттардың жоқтың қасы. Ол кезде жүру арақашықтығы 45 минутқа созылады. Неге әкімшілік тарапынан осындай тәртіпсіздікке қадағалу жоқ? Автобус жүргізушілері ойларына келгенін істейді, жүргісі келсе жүреді, жүргісі келмесе жүрмейді қашан адам жиналып, автобус толғанша. Осындай іс-әрекеттің әсерінен маршруттың жүру кестесі бұзылып, жолаушылар мен жүргіншілер арасындағы төбелес немесе айқай-шу туындайды. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Таң ертеңмен халық жұмысқа, бала-бақшаға асығады. Үйден алдын ала уақытыңды есептеп шығасың, алайда жоспарыңды маршрут жүргізушілері быт-шытын шығарады. Неге бұлай жасайсыңдар десең – біз күнделікті берілген жоспарды орындауымыз қажет дейді. Алайда оларға ақша маңызды, адам өмірі емес, томарша тиеп бір-бірімен жарысады. Құдды бір жарыс алаңында келе жатқандайсың. Осындай жайсыздықты болдырмау үшін жүргізушілерге тұрақты жалақы төлеу әдісіне көшіру қажет, жоспар бойынша емес. Не үшін жол ақысын көтерді?
Жүргізушілер мен кондукторларда мәдениет жоқтың қасы. Ол үлкен ана ма, әке ма өте дөрекі сөйлейді. Тұрмыстың тауқыметімен артынып-тартынып және несиемен естері есеңгіреп жүрген қара халықтың ашу-ызасы осындай кішкентай тәртіпсіздіктен басталады.
Сізден, № 2 бағыттағы маршрут санын көбейтіп немесе жүру арақашықтығын және де басқада маршруттардың жүру арақашықтықтарын ретке келтуруіңізді өтініп сұраймын.

Хат көшірмесі келесі инстаграмм парақшаларына жоданды: @i.ispanov, @akimat_aktobe, @berdibek_saparbaev



Жауап

Саламатсыз ба, Женисбек Нурланович! Қазіргі таңда Нұр-Сити тұрғындар массивінің жолаушылар легінің өсуіне байланысты  қалалық бағытта жолаушылар тасымалдайтын №2 «Нұр Ақтөбе - Сапар автовокзалы», №51 «Есет батыр тұрғындар массиві - 8 шағын аудан», №52 «Облыстық балалар ауруханасы - Нұр Ақтөбе » және «Автопарк» ЖШС тиесілі №29 «Теміржол вокзалы – Пригородный ауылы»  бағыт автобустарына  «ЛиАЗ», «Паз», «Анкай» маркалы үлкен сыйымдылықтағы автобустар 20 мин қозғалыс аралығымен қызмет көрсетеді. Тасымалдаушылар «ЖАКК» ЖШС және «Автопарк» ЖШС парктерінде жылжымалы құрамында автобус жетіспеушілігіне байланысты және де жиі бұзылу барысында бағыттардан шығып кету салдарынан автобустардың қозғалыс аралығы ашылып кетуде.