539

Дата обращения 21.01.2019 Көлік қызметі
ФИО
Малика Серікқызы
Cұрақ тексті
Қайырлы күн, құрметті Ілияс Сапарбекұлы! Мен Ақтөбе қаласы, Алматы ауданының тұрғынымын. Қаладағы көлік қызметі көңіл көншітпейді. Автобустар жол ақысын қымбаттатты, бірақ соған сай қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Бұрын қалай сапасы сын көтермеді, қазір де солай:
1. Автобустарда жағдай қарастырылмаған (іші салқын, жылу жоқ, есіктерінен жел үріп тұрады, ал күз айларында салонда шаңның әсерінен демалу мүмкін емес еді)
2. Кондукторлар билет бермейді (жолақыны қолма-қол төлеу барысында қаласа береді, қаламаса бермейді, бітіп қалды деп айта салады, тіпті 60 теңгелік зейнеткерлердің билетін бере салады, ал электронды түрде төлейін десең, ондай мүмкіндік барлық автобустарда жоқ)
3. Жолақы қымбаттаған соң, автобустардың уақыты да өзгереді делінген болатын. Бірақ, ондай жағдайды әзір көріп отырғанымыз жоқ. Сағат 7.30-дан кейін көшеден ешқандай жылжыған қоғамдық көлікті көрмейсің. Тек 26 мен 15, онда да олар максималды 9-да тоқтайды.
11-ге дейін жүретін жүйе қалыптастырыңыздаршы, өтініш.
Аталған мәселелер жолға қойылып, автобустар жаңартылып, бір ретке келтірілсе екен. Жауап күтемін, рахмет!
Жауап

Саламатсыз ба, Малика Серікқызы! Біздің бөлім тарапынан арнайы коммиссия құрылып тексеру жұмыстары жүргізілген болатын. Тексеру нәтижесінде қалалық бағытта жолаушылар тасымалдайтын екі тасымалдаушы «ЖАКК» ЖШС және «Автопарк» ЖШС автобус бағыттары кешкі сағат 20:47-ден кейін жүрмейтіндігі және билет таратпай жатқан кондукторлар анықталды. Аталмыш құқық бұзушылыққа тиісті шара қолдану үшін «Ақтөбе облысы бойынш көліктік бақылау инспекциясы» РММ-іне арнайы жолданды.