254

Дата обращения 13.06.2018 Көлік қызметі
ФИО
Бекзат Өмірханқызы
Cұрақ тексті
Құрметті Ілияс Сапарбекұлы! Біз қала шетінен жаңадан бой көтеріп жатқан Нұрсити ауданының көлік қызметіне қатысты ұсыныс білдіргіміз келеді. Қазіргі таңда аудан тұрғындары үшін №51,№2 бағыттағы автобустар қызмет көрсетеді. Әсіресе, №51 автобус қаланың орталық аудандарына келетіндіктен, тұрғындардың бір ғана автобуспен кедергісіз келуге мүмкіндігі бар. Алайда, жақында пайдалануға берілген 4-мөлтек ауданның тұрғындары үшін көлік қатынасында қиындықтар туындауда. Барлық инфрақұрылым, тіршілікке қажетті нысандар, аурухана, дүкендер мен мектеп, балабақша, басқарушы компания барлығы әзірге Нұрситидің №1,2 мөлтек аудандарында орналасқан. №4 м/а тұрғындарының бұл жаққа баруы үшін тікелей автобус жоқ. Сондықтан Нұрситидің аудандары өз ішінде бір-бірімен тікелей қосыла алмай отыр. Мысалы, №1,2 м/а бару үшін екі автобус арқылы жүруге тура келеді. Алдымен, №23 автобус арқылы Қарғалы ауданына келу және әрі қарай №51 автобус арқылы жету. Бұл (әр автобусты күту уақытын есептегенде ) 40-60 минут уақытты алады. Қазіргі таңда Нұрситиден №4 м/а қарай жол салынып жатқанын көруге болады. Сондықтан, №51 автобустың санын көбейте отырып, №4 мөлтек ауданға жіберу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Бұл Нұрситидің (Қарғалы тұрғын массиві) барлық аудандарының бір-бірімен оңтайлы қосылуына ықпал етіп, қоныстанушылары күннен-күнге көбейіп жатқан №4 м/а тұрғындарына өте қолайлы болады. Ал, бұл мәселені №23 бағыттағы автобус санын көбейте отырып шешу тиімсіз деп есептейміз. Себебі бұл бағыт, біріншіден, Нұрситидің №1, 2 м/а бармайды, екіншіден, қаланың орталық аудандарына бармайды, қозғалыс бағыты Шығыс аялдамасымен аяқталады. Алдын ала рахмет!
Жауап

Саламатсыз ба Бекзат Өмірханқызы! №23 бағыт бойынша «Жолаушылар автокөлік тасымалы кәсіпорны» ЖШС тарапынан күнделікті 6-7 дана «Паз» маркалы орташа сыйымдылықтағы автобустармен 20 минут қозғалыс аралығымен қызмет көрсетуде. Маусым айының аяғына дейін аталмыш мекемеге жаңадан 70 дана үлкен мыйымдылықтағы заман талабына сәйкес автобустар келуі күтілуде. Автобустар келгеннен кейін №23 бағыт автобустарын ауыстыру немесе қосымша автобус санын қосу сұрағы қарастырылатын болады.

         Сонымен қатар қазіргі таңда, «Нұр Ақтөбе» мөлтек ауданында қарқынды түрде жол құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес аталмыш ауданда ені 7 метрден 15 ге дейінгі 7 автомобиль жолының құрылысы жүргізілетін болады. Аталмыш жолдардың құрылысы аяқталғаннан кейін №2,51,52 бағыттардың қозғалыс сызбалары қайта қарастырылатын болады.