237

Дата обращения 07.06.2018 Көлік қызметі
ФИО
Жалгасбаева Бекзат Умирхановна
Cұрақ тексті
Құрметті Ілияс Сапарбекұлы! Алдымен Сізге қаламызды көркейту жолындағы еңбегіңізге үлкен табыстар тілеймін! Мен Нұрсити ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген 4-шағын ауданға автобус жіберу мəселесі бойынша ұсыныс, өтініш-тілек білдіргім келеді.Қазіргі таңда 4-мөлтек ауданда 5уй пайдалануға беріліп отыр. Бүгінгі таңда мұнда тек 23-автобус қана соғады жəне тек автовокзал, шығыс аялдамаларына дейін барады, автобустар арасы өте улкен, таңертеңгі қарбалас уақытта соқпай да кетеді, жалғыз автобус соқпағасын 4ш/а тұрғындары үнемі жұмысқа кешігеді. Ең қиыны Нұрситидин өзіне тікелей бара алатын автобус жоқ, яғни жаңа аудан Нұрситидің өзіне əзірге қосыла алмай отыр. УК-30, поликлиника, балабақша, мектеп, дүкендер бари Нурситидин өзінде орналасқан. Алайда, онда 2 автобус арқылы баруға тура келеді. Алдымен 23 автобусты күтіп, Қарғалы (жилянка) аумағына келу жəне осы жерден 51-автобус арқылы Ситидин өзіне келу. Бұл 1 сағатқа дейінгі уақытты алады. Құрметті Ілияс Сапарбекұлы, қазіргі таңда Нұрситиден 4ш/а қарай жол салынып жатқанын көріп, 51-бағыттағы автобусты жібере ме деп қуана күтудеміз. Біз 4-шағын аудан тұрғындары Сізден жол салу жұмыстары аяқталғасын 51-автобус санын көбейтіп 4-ауданға жіберуге ықпал етуіңізді өтініп сұраймыз. Бұл бізге қалаға 1 ғана автобуспен оңтайлы баруға жол ашады жəне Нұрситидің барлық аудандарын бір-біріне қосады. Ал,23-автобус санын көбейту немесе жаңа автобустарды осы бағытқа беру тиімсіз деп ойлаймыз, себебі бұл автобус, алдымен Нұрситиге де мүлде соқпайды, екіншіден қала ішінде тек 3-4 аялдамаға ғана барады, үшіншіден, барлық уақыты Қарғалы ауылын аралаумен кетеді, бұл ретте Қарғалы аулынын өзінің сыйымдылығы үлкен 19-автобусы бар. Сізден осы ұсынысымызды назарға алып, қарау нəтижесі туралы хабарлауды өтінеміз.Құрметпен, Бекзат
Жауап

Саламатсыз ба Бекзат Өмірханқызы! №23 бағыт бойынша «Жолаушылар автокөлік тасымалы кәсіпорны» ЖШС тарапынан күнделікті 6-7 дана «Паз» маркалы орташа сыйымдылықтағы автобустармен 20 минут қозғалыс аралығымен қызмет көрсетуде. Маусым айының аяғына дейін аталмыш мекемеге жаңадан 70 дана үлкен мыйымдылықтағы заман талабына сәйкес автобустар келуі күтілуде. Автобустар келгеннен кейін №23 бағыт автобустарын ауыстыру немесе қосымша автобус санын қосу сұрағы қарастырылатын болады.

         Сонымен қатар қазіргі таңда, «Нұр Ақтөбе» мөлтек ауданында қарқынды түрде жол құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес аталмыш ауданда ені 7 метрден 15 ге дейінгі 7 автомобиль жолының құрылысы жүргізілетін болады. Аталмыш жолдардың құрылысы аяқталғаннан кейін №2,51,52 бағыттардың қозғалыс сызбалары қайта қарастырылатын болады.