225

Дата обращения 02.06.2018 Отбасы және жастар саясаты
ФИО
Болысай Айкөркем ықыласқызы
Cұрақ тексті
Саламатсыз ба менің сұрагым Ақтөбеде жалғыз басты әкеге қандай көмек бар? әкем сіңілім екеумізді жалғыз бағуда 14 ж бойы қайта қайта ауырып қала береді денсаулығы нашар айсайын 40000тг басқа үйге төлеудеміз жалғыз басты әкеге көмек көрсетеңізші.Жалғыз басты әкеге көмек көрсету Ақтөбеде қарастырылған ба?
Жауап

Саламатсыз ба! Мемлекет атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жанұяға кіретін кіріс жан басына шаққанда белгіленген күнкөріс деңгейінің 50% яғни (2018 жылдың 2 тоқсанына 11955 тг кедейшілік шегінен) аспаған жағдайда мемлекет атаулы көмек алуға жүгінуге құқылы.

          Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдыңдағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы еспетеп шығарылады.

          Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы №114 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың), жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккеназаматтарды қоспағанда).

          Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
  2. Табиғат зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
  3. Ақтөбе қаласы мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

Осы қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

Толық мәліметтер алу үшін Ақтөбе қаласы, Уалиханова көшесі 12 а, 5 бөлмеге жолығуыңызға ұсыныс жасалады. Тел: 41-66-40