186

Дата обращения 14.05.2018 Әлеуметтік сала
ФИО
Маханова Гульжан Мейрхановна
Cұрақ тексті
Саламатсыз ба, Ильяс Сапарбекұлы! Биылғы жыл облыс әкімінің бастамасымен "Бала жылы " болып жарияланғаны белгілі. Мені ата-ана ретінде барлық көппәтерлі үйлердің алдына ойын алаңдары орнатылады деген жаңалық қатты қуантты. Сұрақ - әз-Наурыз көшесі, 6 -үйдің (11 мөлтекаудан, 31-үй) алдына да ойын алаңы орнатыла ма? Біздің алаңдағы әткеншектер, турниктер, т.б. балалардың ойынына қажетті құралдар тым ескі әрі қауіпті. Егер осы ойын алаңы да биыл жаңартылатын болса, балалар үшін бұл үлкен сыйлық болатыны сөзсіз. Алдын-ала рахмет!
Жауап

Саламатсызба, Гульжан Мейрхановна! Сіздің өтінішіңіз балалар ойын алаңын орнату қажет орындар тізіліміне енгізілгенін және қосымша қаражат көзі бөлінген жағдайда аталған ауданда жұмыстар жүргізетіндігін  хабарлаймыз.