169

Дата обращения 02.05.2018 Қала әкімшілігі
ФИО
Айтжанов М.А.
Cұрақ тексті
Құрметті Ілияс Сапарбекұлы! Сіздің Батыс-2 ауданының көркеюі үшін істеліп жатқан жұмыстарыңызға ризамыз. Әрбір салынған ғимарат қаламызға көрік беріп, дамуына үлесін тигізуде. Сіздің алдағы жұмыстарыңызға Біз, ақсақалдар қауымы сәттілік тілейміз!
Осы орайда Сізден Батыс-2, 13 Б үй тұрғындары атынан өтініш айтамыз. Біздің 184 пәтерлі 10 қабатты тұрғын үйді 2015 жылы Ақтөбе Сәулет ЖШС салып, Байырханов Ж.Б. бастаған комиссия Актімен қабылдаған. Құрылыс компаниясы үйге дейін автокөліктерге арналған жол салған, ал жаяу жүргіншілерге жүретін жол жоқ. Осы кезге дейін көктем және күз мезгілдерінде көлігі жоқ тұрғындар Поворот немесе Золотой квартал аялдамасынан көппәтерлі тұрғын үйге дейін саз балшықты кешіп әрең жетеді, кейбіреуі жаңа салынып жатқан Автоцонға дейінгі автокөлік жолымен жүруге мәжбүр.
Біздің үйдің алдында, бірнеше метр жерден жаңа Теннис орталығы салынуда. Құрметті Ілияс Сапарбекұлы, осы жылы жаяу жүргіншілерге арналған жолды ЖКХ арқылы немесе үйді салған Ақтөбе Сәулет құрылыс компаниясы арқылы салып беруіңді өтінеміз.
Жауап
Саламатсызба!  Бөлім бөлінген қаражаттың шеңберінде, бюджеттік қаржыны жүзеге асыратындықтан Сіздің өтінішіңіз жаяу жүргінші жолдар төселетін қажетті орындар тізіліміне енгізілгенін және қосымша қаражат көзі бөлінген жағдайда аталған ауданда жұмыстар жүргізетіндігін  мәлімдейді.