1293

Дата обращения 01.08.2019 Қала әкімшілігі
ФИО
Қабыл Жеткерген
Cұрақ тексті
Мавр Ерғалиұлы! п.Заречный-3, елді мекеніндегі тұрғындардың және ардагерлер кеңесінің атынан . Заречный-3, елді мекенінің жанынан салынып жатырған ГМЗ-ХРОМТАУ трассасының салынуына байланысты елді мекенге келетін асфалть жолды бұзып, уақытша -деп жай жер жол салды өте нашар автобустардың жүруіне өте қауіпті, сол себептен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінен сұрап, бас жоспар бойынша елді мекнге үш бағытта жол салынуға тиісті екенін айтып ең болмаса соның біреуін яғни: ХРОМТАУ трассысынан -№61- мектепке дейін 500-600 метр салуын сұрағанмен істелмей отыр КТП-мекемесінен неге әуелі жолды бұзбай тұрып елді мекенге көлік қатынасына жоба бойынша салмадыңдар деп сұрағанбыз елді мекенге жол салу қала әкімшілігі,жолдар бөлімінің міндеттері деген жауап алдық сізден жоба бойынша салынатын биылға елді мекен көлік автобустар қатынасы үшін ХРОМТАУ-№61-МЕКТЕП жолын салдыруға ықпал етуді және автобустар қатынасы үшін 2017 жылы салынған жолға жопарда қаралып тендр алған мекемеге асфалть жамылғысын салдыртуды сұраймыз, жолдың нашарлығынан №5- бағыттағы жүрген жаңа автобустар бұзылып қалуда (дөңгелектері,тежегіштері,қораптары) істен шығуда күнделікті көріп жүрміз осы жоғарыдағы жазылған елді мекенге өте қажетті жұмыстардың орындалуына тікелей көмек беруіңізді ,елді мекен тұрғындары және ардагерлер кеңесі атынан сұраймыз, елді мекенге келіп көруге шақырамыз.
Жауап

Саламатсыз ба!

2017 жылы Заречный-3 елді мекеніне қарасты Биекенова және Зерде көшелерінің автомобиль жолына қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес аталмыш ауданның бірқатар автомобиль жолының құрылысы бастау алады.

Қазіргі таңда елді мекеннің кіреберіс жолында құрылыс монтаждау жұмыстары «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тарапынан жүргізіліп жатырған хабарлаймыз.