1291

Дата обращения 01.08.2019 Мәдениет
ФИО
Жапар Бақыткерей Төлеуғазыұлы
Cұрақ тексті
Құрметті Мавр Ерғалиұлы. Мен, ҚР дизайнерлер одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы
боламын. Мені толғандыратын мәселе қаламыздағы жарнама, маңдайшаларды безендіру жайы.
Осы іспен қандай мекеме айналысады? Себебі мен маман ретінде осындағы өте жағымсыз
нәрселерді жиі байқаймын. Ең сорақысы мемлекеттік тілдің эаң алдында қорғалмайтындығы.
Осы елдің азаматы ретінде бұған жаным ашиды. Мүмкіндік болса қабылдауыңызға шақырсаңыз
бұның шешуі жайында кеңес беруге болар еді. Алдын-ала рахмет!
Жауап

Саламатсыз ба, Бақыткерей. 2003 жылдың 19 желтоқсанындағы №508 «Жарнама жөніндегі» заңынын 11 бабына сәйкес, ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелерi немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар: сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға; адамдардың өмірі мен денсаулығы, барлық меншік нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Сондай-ақ, 2015 жылдың 11 желтоқсанындағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларына» сәйкес, маңдайшаларды орналастыру эскиздері- сәулет және қала құрылысы, тілдерді дамыту салалары бойынша жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс делінген. Сонымен қатар, мүлік иелері, маңдайшаларды техникалық қалыпты жай-күйде ұстауы, кір мен өзге де қоқыстан тазартылуы тиістілігі қарастырылған. Жоғарыда аталған жұмыстармен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен арнайы жасақталған топ қала бойынша кәсіпкерлерге заң талаптары жөнінде түсініктеме жұмыстарын жүргізіп отырады.