Абдуллин Мавр Ерғалиұлы
Абдуллин
Мавр Ерғалиұлы
Ақтөбе қаласының әкімі

Құрметті қолданушы!

Менің жеке парақшама қош келдіңіздер!

Бүгінгі техникалық жағынан дамыған заманда алыстан байланыс орнатудың түрлі тәсілдері бар. Соның бірі – жеке блог жүргізу. 

Менің бұл жеке блогым - ақтөбеліктермен қолжетімді, әрі тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Мұнда өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ қоюларыңызға, пікір білдірулеріңізге болады. Сондай-ақ қаланың дамуына үлес қосатын тың ұсыныс-бастамаларыңыз болса, тыңдауға әзірмін.

Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары, Ойыл, Алға аудандарының әкімі қызметтерін атқарды, Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2019 жылғы 24-маусымнан бастап Ақтөбе облысы О.Оразалиннің өкімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.