«Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Негізгі міндеттер
Жолаушылар көлігі секторы
Жолаушылар көлігінің, қаланың маршрут желісінің жұмысын, тасымалдаушылармен жол қозғалысы қәуіпсіздігі жағдайын тексерту.Қоғамдық жолаушылар тасымалын, такси жұмыстарын ұйымдастыру.

Автомобиль жолдары секторы
Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету (жолдарды жөндеу бойынша жоспар құру, ағымдағы, орташа, күрделі, қайта жаңғырту,құрылыс).Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бағдаршам обьектілерін, жол белгілерін, күтіп-ұстауды бақылау және жүзеге асыру.Жол белгілерін салу, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.)


Атқаратын міндеті мен өкілеттілігі:
Жолаушылар көлігінің, каланың маршрут желісінің жұмысын, автомобиль жолдарының қызмет етуін бақылауды жүзеге асыру, автомовиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету (жолдарды жөндеу бойынша жоспар құру – ағымдық, орташа, күрделі қайта жаңғырту, құрылыс) жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Актөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 10, кабинет 6
41-67-65 (сенім телефоны)
41-67-66
416765
416766

«Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі - (әрі карай - Бөлім) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомствосы бар: шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім өз атынан азаматтық - қүқықтық қарым-қатынастар жасайды.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түріндегі актілерді шығарады.
8. Бөлімнің қүрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
9. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 4а үйі, пошталық индексі: 030007.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.
13. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. Міндеттемелік келісім-шарттар міндеттер бойынша бөлім жауапкершілігі заңнамаға сәйкес бөлімді ұстауға арналып бекітілген смета шегінде болады.
15. Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау тұрғысында Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

16. Бөлімнің миссиясы жолаушылар көлігі жэне автомобиль жолдары саласын мемлекеттік реттеу және ведомстволық бақылау, осы салалардағы тауарлар мен қызметтерді сатып алудың ұйымдастыру болып табылады.
17. Міндеттері:
1) Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігі саласындағы (автомобиль жолдары мен тротуарларды, көпір құрылыстарын жөндеу, салу және қайта жаңғырту, қаланың көлік және инженерлік инфрақұрылымдарының басқа да объектілерін салу, қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, осы салалардағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру);
2) «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық субъектілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік мүлік туралы заңына сәйкес шешімдер қабылдау.
18. Бөлім тапсырыс берушінің келесі қызметтерін атқарады және ММ балансында тұрған объектілерге бақылау жүргізеді:
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының тротуарларын салу, жөндеу және қайта жаңғырту;
2) Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, ұстау және жөндеу;
3) мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын бақылау;
4) жер қазу жұмыстарын жүргізгеннен кейін көшелердің, алаңдардың және басқа да ортақ пайдаланатын жерлердің жол жабындарын қалпына келтіруге ведомствалық бақылау жасау;
5) жабын материалдарына қарамастан жолдар мен тротуарларды, жол құбырларын, арық желілерін күтіп-үстау және оларды қайта жарақтандыру; жол жабындарын жетілдендірілгендерімен ауыстыру, көше магистральдарын ретке келтіру жұмыстары (тік өрлерді тегістеу, кеңейту, көлбейлету); жолаушылар көлігі аялдамаларын, такси, автомобиль тұрақтарын көркейту (павильондарды енгізе отырып);
6) алаңдар, көлік шоғырланған жерлер, жер асты жаяу жүргіншілер жолдары, стадиондарға, көрмелерге, жағажайларға және басқа қоғамдық орындарға кіретін жолдар мен жерлерді күтіп-ұстау мен оларды қайта жарақтандыру;
7) автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірлерді салу, жөндеу және қайта жаңғырту; 
8) асфальт-бетон зауыттарының және темір-бетон өнімдері цехтарының жабдықтарын, сонымен бірге инертті материалдарды дайындау жөніндегі қондырғылар алу; асфальт-бетон зауыттарын күтіп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту; елді-мекендерді көркейту үшін жергілікті рудалы емес құрылыс материалдарын өндіру жөнінде карьерлер ұйымдастыру;
9) құрылыс құрастыру жұмыстарының сапасына техникалық бақылауды іске асыру; жобалау жұмыстарын орындаған кезде инжинирингілік қызметтер;
10) жолаушылар көлігіне жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарымен өтетін қаланың бағыттық желелеріне тікелей басқару мен ведомствовалық бақылауды іске асырады, тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
11) маршрут желілерін меңгеру, маршрут желілеріне жағдай жасау, тасымалдаушылармен, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жол жамылғыларының жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру және анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті органдарға ақпарат беру;
12) жолаушылар легінің өзгеруін ескеріп, жүмыс істеп тұрғын бағыттарды өзгертуге және жабуға, жаңадан ашуға үсыныс әзірлеу;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылардың және басқа да көлік қызметін пайданушылардың мүдделерін қорғау;
14) Бөлімнің өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызметтер кіреді.
19. Ведомствоның функциялары:
1) жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру, соның ішінде:
2) жолдың жүріс бөлігінің таңбасы;
3) жол қозғалысын реттейтін техникалық заттарды қамту;
4) жолаушылар автокөлік павильондарын және аялдамаларын күту, оны жөндеу.
20. Құқықтары мен міндеттері:
1) қаланың мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық материалдарды пайдалану;
2) Бөлімнің қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Бөлімнің актілерінің жобаларын келісудің болуына бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін қайтару;
4) Бөлімнің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
5) қала әкіміне және оның орынбасарларына есеп беретін мемлекеттік органдардың алқалы отырысына қатысу;
6) мердігерлік ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсіндірме беру үшін шақыру;
7) заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Бөлімнін қызметін ұйымдастыру

21. Бөлім басшылықты бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша дербес жауапкершілік алатын басшы жүзеге асырады.
22. Бөлімнің басшысын заннамаммен белгіленген тәртіпте қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
23. Бөлім басшысының Казахстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
24. Бөлім басшысы:
1) штаттық кестеге сәйкес Бөлімнің және секторлардың құрылымын бекітеді;
2) өзінің орынбасарлары мен Бөлім секторлары меңгерушілерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін белгілейді;
3) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және атқарып отырған қызметінен босатады;
4) белгіленген заңды тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) өзінің кұзыреті шегінде Бөлім қызметкерлерімен орындалуға тиісті бұйрықтарды шығарады;
6) Бөлімнің секторлары туралы Ережені бекітеді;
7) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;
8) қызметкерлердің іссапарлары, сынақтан өтуі, біліктілігін арттырудың түрлері бойынша Бөлімнің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
9) бөлімді ұстауға арналған сметаны (шығындар жоспарын) бекітеді;
10) бөлімге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуына және сақталуына бақылау жасайды;
11) Мемлекеттік орган атынан сенімхатсыз жүмыс істейді;
12) келісім-шарттар жасасады, сенімхат береді;
13) банк шоттарын ашады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.
25. Өзара қарым-қатынастар Бөлім әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасында жүзеге асырылады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшысымен басқарылады.

4. Бөлімнің мүлкі

27. Бөлімнің оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы бар.
Бөлім мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ құны Бөлім балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
28. «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ болып табылады.
29. Бөлімге бекітіліп берілген қалалық әкімшілік-аумақтық бірлік мүлігі есебінен құрылған мүліктер коммуналдық меншікке жатады.
30. Бөлімнің оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе өзге тәсілмен жұмсауга құқыгы жоқ.
31. Бөлімге мүлікке билік ету қүқы берілуі мүмкін. Осы мақсатта бөлім билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері заңнамамен белгіленеді.
32. Бөлім таратылған жағдайда мүлік және ақшалай қаражат құрылтайшының шешімі бойынша пайдаланылады.

5. Бөлімді қайта үйымдастыру және тарату

33. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.