«Ақтөбе қаласының тұрғын үй катынастары бөлімі» ММ

Алтынсарин к-ші, 2
41-63-89
41-60-77
44-56-04 (сенім телефоны)
445604

Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «22» маусымдағы
№3675 қаулысымен бекітілді

 

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

2.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлер мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдардың шоттары болады

4.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңға сәйкес мемлекет атынан азаматтық және құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзырында «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен шығарылған заңнамамен белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды.

7.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 2 үй.

9.Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.Ақтөбе қаласының әкімдігі «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің басқарушысы және құрылтайшысы болып табылады.

12.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтерін қаржыландыру жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығын сметасынан) жүзеге асырылады.

13.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістерді қалыптастыратын қызметті жүзеге асыруға өкілетті болса, онда мұндай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджетке түсіріледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасын жасау және тиісті жергілікті өкілді органдарда бекітуге ұсыну және оны іске асыруды қамтамасыз ету.

2. тұрғын үй қорын сақтау және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін бағынысты аумақта қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

3. тұрғын үй саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

4. тұрғын үй қорын сақтау және оның жұмыс істеуі үшін кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау үшін реттелетін аумақта тұрғын үй қатынастарының жұмысын ұйымдастыру;

5. тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

6. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;

15.Міндеттері:

1. кондоминиум обьектілерін басқару органдары ұсынған кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сметасын келісу;

2. кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

3. кондоминимум объектісін күрделі жөндеу тізбесін және кезегін анықтау;

4. кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін жергілікті өкілді органдарға әзірлеп, ұсыныс енгізеді, сондай-ақ кондоминиум объектісінің басқару органдарының және соңғы пайдаланушыларға коммуналдық қызметтерді ұсынатын нарық субъектілерінің арасында жасалған үлгі шарттарын жасайды;

5. тұрғын үй қатынастары саласындағы бағдарламаларды және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді жергілікті өкілді органдардың қарауына әзірлейді және ұсынады;

6. өз құзыретi шегiнде тұрғын үй қатынастары саласындағы нормативтiк- құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттамаларды әзiрлейдi және бекiтедi;

7. тұрғын үй қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

8. тұрғын үй қорының жай-күйін бақылайды;

9. Ақтөбе қаласы әкімінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бөлімге жүктелген өзге де функцияларын орындайды.

16. Бөлім функцияларына кіретін жұмыстар:

1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiнiң күрделi түрлерi бойынша орындалатын жұмыстарды қабылдау үшiн комиссияларға қатысады;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және хаттамалар жасау;

3) кондоминиум нысанының үй-жайлары (пәтерлері) иелері арыз шағым түскен кезде кондоминиум объектісін басқару туралы есептің болуын тексеру.

4) тұрғын үй қоран толықтыруды, есепке алуды, бөлуді, ресімдеуді және жекешелендіруді қамтамасыз етеді, мемлекеттік үй қорыныңсақталуын ұйымдастыру;

5) азаматтардың баспанаға қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында тұрғын алаңдарды алмастыруды жүргізу;

6) тұрғылықты орны бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтардың кезек тізімін және есебін жүргізу;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлуді ұйымдастыру;

8) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

9) тұрғын үй жалдау келісімдерінің сақталуын және есепке алуды қамтамасыз ету;

10) коммуналдық тұрғын үй бойынша тұрғын үй – коммуналдық қызметтер төлемі жөніндегі қарыздарды белгіленген тәртіпте өндіртіп алу;

11) азаматтардың алып отырған тұрғын үйлерін жекешелендіруге олардан өтініштер мен құжаттар қабылдауды жүргізу, тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын дайындау;

12) тұрғын үй алуға, рәсімдеуге, алмастыруға мұқтаждарды есепке алу үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды азаматтардан талап ету;

13) заңдылықтың бұзылғанын көрсететін жағдайлар анықталған кезде құжаттар дайындау мен беруді тоқтату, тиісті органдарға тиісті емес мәліметтер берген азаматтар мен жауапты тұлғаларды белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жасау;

14) өз құзырына жататын тұрғын үй мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешім қабылдау;

15) тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен заң шығарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу және талдау;

16) Тұрғын үй қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелерді қамтиды;

3. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің лауазымды адамдарының құқығы:

1) қызметтік куәлігін көрсете отырып тексерілетін объектіге барып тексеру жүргізуге;

2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға.

3) Ақтөбе қаласының әкіміне бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;

4) Өз құзыреті шегінде мәслихат шешімдері мен әкімдіктің қаулыларына, әкімнің бұйрықтары мен өкімдеріне ұсыныс енгізуге;

5) басқа атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тарта отырып, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыстар өткізіп, қатысуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

7) Ақтөбе қаласының кондоминиум объектілерін тиімді пайдалану туралы Ақтөбе қаласының әкіміне ұсыныстар енгізеді.

4. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің лауазымды адамдары міндетті:

1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге;

2) Тексеру жүргізу кезінде тексерiлетiн объектiнiң жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;

3) Алынған құжаттардың және аудит нәтижесінде алынған ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

4) Кондоминиум нысанының ортақ мүлкінұстау ережелерінің бұзылғаны туралы актілер жасауға;

5) Кондоминиумның ортақ мүлкiн сақтау ережелерiн бұзуды жою туралы мiндеттi нұсқамалар беруге.

6) Тұрғын үй қатынастары бөлімінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшылық жүргізеді «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.

18. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымға әкімнің бұйрығымен тағайындалады және босатылады.

19. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1. бөлімнің қызметін басқарады, барлық мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда бөлім атынан шыға алады;

2. заңға сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3. заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның қызметкерлерiн ынталандыра алады және тәртiптiк жазалар қолданаалады;

4. өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға жауапкершілікті жеке өзіне алады;

6. заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыстыратын адам жүзеге асырады.

20. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы жетекшілік етеді.

6. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңда көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жеке меншік болуы мүмкін.

22. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі Ақтөбе қаласының әкімдігі берген мүліктің есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден алынатын мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен құрылады.

23. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі мемлекеттік мүлкін басқару жөніндегі уәкілетті органы болып табылады.

25. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңмен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікке өз бетімен иелік етуге немесе басқа да әдістермен иеліктен шығаруға құқылы емес.

7. Қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.