"Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі"ММ

Ахтанов көшесі, 50, 28
41-63-97 (сенім телефоны)
41-63-98
416397
416398

Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2019 жылғы  «28» ақпандағы
№  927  қаулысымен
бекітілді

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
  ЕРЕЖЕ     

1. Жалпы ережелер    

1. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – кәсіпкерлік бөлімі) кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясаттың дамуын бақылау қызметтерін атқару жүктелген және Ақтөбе қаласының экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге негізделген мемлекеттік орган болып табылады.                                 

2. Кәсіпкерлік бөлімінде ведомстволар қаралмаған.

3. Кәсіпкерлік бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,  Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережені сәйкес іске асырады.

4. Кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Кәсіпкерлік бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Кәсіпкерлік бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-ққұқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Кәсіпкерлік бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік бөлімінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.  

8. Кәсіпкерлік бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Тахауи Ахтанов көшесі, 50 үйі.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже кәсіпкерлік бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Кәсіпкерлік бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13.Кәсіпкерлік бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен кәсіпкерлік бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер кәсіпкерлік бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Кәсіпкерлік бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Миссиясы:

1) Қалада кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша бірегей саясатты жүргізу;

2) Шағын кәсіпкерлік секторының дамуы үшін кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру;

3) Индустриялық-инновациялық қызметті дамыту;

4) Сауда және қызмет көрсету саласындағы қызметті дамыту.

15. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес қаланың өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету саласының экономикалық дамуының әртүрлі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру;    

2) қалада кәсіпкерлік, сауда қызметі, индустриялық-инновациялық даму және инвестициялық қызмет салаларында мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын, стратегиялық мақсаттары мен басымдылықтарын қалыптастыру;

3) Ақтөбе қаласының тұрғындарын өнеркәсіп және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, қызмет көрсету, қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын арттыру тұрғысында өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіру;

4) қолайлы кәсіпкерлік ортаны құру, инновациялық қызметтің инфрақұрылымын қалыптастыру;

5) ғылыми негізделген және жоғары технологиялық экспорттық бағыттағы өндірістерді құруға және кәсіпорындарда сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізуге жағдай жасау;

6) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласында мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

7) қаланың экспорттық-импорттық әлеуетін тиімді қолдануға, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын сату нарығын кеңейтуге ықпал ету;

8) негізгі азық-түлік тауарлары тобы бойынша тұтынушылық бағаларының тұрақтандыруға бағытталған шараларды қабылдау;

16. Функциялары:

қаладағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, индустриялық-инновациялық даму мен инвестициялық қызмет салаларында өңірлік,

стратегиялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;

кәсіпкерліктің дамуына мониторинг жүргізеді (өндірілген өнім көлемі, кәсіпкерлік субъектілерінің саны, құрылған жұмыс орындары және т.б.);

қала аумағында кәсіпкерлік қызметтің ахуалына кешенді талдауды жүргізеді, шағын және орта бизнестің дамуының басым бағыттарын анықтайды;

қаладағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысына экономикалық талдау жүргізуге қатысады;

өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа технологияларды қолдану арқылы инвестиция тарту үшін басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына көмек көрсетеді;

Ақтөбе қаласы үшін басым инвестициялық жобаларды талдауға және іріктеуге қатысады және мемлекеттік даму институттарынан қаржылай көмек алуға жәрдемдеседі;

қала үшін басым жобаларды жүзеге асыруда кәсіпкерлердің қызметін ынталандырады;

тұтыну тауарларының маңызды түрлеріне мониторинг жүргізіп, бағаға талдау жасайды, бағаның өсу себебі мен оның инфляция көрсеткіштеріне әсер ету деңгейін анықтайды;

шағын кәсіпкерлікті қолдауда инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

бөлшек және көтерме сауда, қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуде Ақтөбе қаласы аумағында  ортақ мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

тауарлар мен қызметтерге мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады;

аталмыш тауарларға бағаны тұрақтандыру мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында сауда базарларының қызметін мемлекеттік реттелуі мен үйлестірілуіне ықпал етеді;

қала базарларының санаттарын иелену жұмыстарын ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының жүзеге асырылуына ықпал жасайды;

қала әкімі мен оның орынбасарларына кәсіпкерлік қызмет сұрақтары бойынша ақпараттық, талдамалы, анықтамалық материалдар жасақтайды;      

сауда мен қызмет салаларының нысандарын дамыту мен қала аумағында орналастыру бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстарын қарайды;

қалалық мәдени-бұқаралық іс-шараларға сауда қызметін ұйым- дастырады;

кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерін аккредитациялау жөніндегі комиссиясының, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмысшы органының қызметін жүзеге асырады;

кәсіпкерлік қызметтің дамуына және тікелей инвестициялар легінің көбеюі үшін қала аймағында инвестициялық жағдай туғызады;

қалада кәсіпкерліктің дамуы мен құрылу турасында әкімшілік, құқықтық, экономикалық және ұйымдық кедергілерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен және басқа да қаржылық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасайды;

сыртқы және ішкі нарықта отандық тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге және импортты алмастыруды дамытады;

кәсіпкерліктің дамуына қатысты Заңдарды жетілдіру үшін жоғары тұрған органдарға ұсыныс жасайды;

бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерліккке қатысты сұрақтардың жариялануын ұйымдастырады;

Ақтөбе қаласы бойынша төтенше жағдайда Тамақтандыру және сауда қызметінің жұмыстарын ұйымдастырады;

кәсіпкерлік көрмелер, конкурстар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер және ауылшаруашылық жәрмеңкелерді өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

кәсіпкерлік қызметіне байланысты сұрақтар бойынша кәсіпорындарға ақпараттық және әдістемелік кеңестер береді;

азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін қарау жұмыстарын ұйымдастырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

белгіленген тәртіпте кәсіпкерлік қызметіне талдау жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан, шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдар сұратуға және алуға;  

өз құқығына енетін мәселелер бойынша атқарушы биліктің басқа да органдарының кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен мамандарын қатыстыра отырып белгіленген тәртіпте жиналыстарға шақырып, өткізуге қатысуға;  

осы Ереженің талаптарына сай қызметтерді орындау үшін қажетті басқа да құқықтарды іске асыруға.

3. Кәсіпкерлік бөлімнің қызметін ұйымдастыру

18. Кәсіпкерлік бөліміне басшылықты кәсіпкерлік бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.                                                  

19. Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Кәсіпкерлік бөлімі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. Кәсіпкерлік бөлімі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлім қызметіне басшылық етеді, оны барлық мекемелерде, кәсіпорындарда және ұйымдарда көрсетеді;

2) өзінің орынбасары мен мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) заңмен бекітілген тәртіпте бөлім қызметкерлерін мадақтайды және оларға сөгіс жариялайды;

4) өкілеттілігі шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

5) берілген ассигнация шеңберінде штаттық кестелер мен бөлім жұмысы шығындарының сметасын жасақтайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді;

7) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Кәсіпкерлік бөлімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Кәсіпкерлік бөлімінің мүлігі

24. Кәсіпкерлік бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтежесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Кәсіпкерлік бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Кәсіпкерлік бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Кәсіпкерлік бөлімін қайта құру және тарату

27. Кәсіпкерлік бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.