«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Негізгі міндеттер
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру;
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен бюджеттік және инвестициялық саясатты өзара әрекеттесуін жүзеге асыру;
қала бюджетін толықтыру резервін көздерін анықтау және салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органына реттелмелі салықтық төлемдері бойынша бюджет кірісіне түсетін болжам мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау;

үш жылдық кезеңге базалық шығыстар мен жаңа бастама шығыстары үшін бюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру және оларды бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жеткізу;

үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдерді өтіп кеткен нақтылау, заңнама өзгерістері, бағдарламалық құжаттары, коммуналдық шығыстарға тарифтер өсімі мен инфляция бойынша шығыстарды индексациялау есебімен қарау және жинақтау;

үш жылдық кезеңге қала бюджеті жобасын әзірлеу мен оны бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
жоспарлы кезеңге Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту және нақтылау жөніндегі Ақтөбе қалалық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген экономикалық мақсаттылыққа, жоба мақсатын саланың даму басымдылықтарына сәйкестігіне бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесін (түзету) әзірлеуге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау;

бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ сәйкес үлестірілетін бюджеттік бағдарламалар қаржысы есебінен жүзеге асырылатын қажет технико-экономикалық негіздеме сараптамасын әзірлеу;

Ақтөбе қаласына қарасты ауылдық округтарға тұруға және жұмыс істеуге келген мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіреді, құжаттарын әзірлеп, отырыстың хаттамаларын жүргізеді.
Актөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50
41-63-79
41-63-80 (сенім телефоны)
41-63-81
416379
416380

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№5526 қаулысымен
бекітілген

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» 
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1.    Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
4. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың бәсекеге қабілеттілігін жаңа сапалы деңгейіне жетуге, әлеуметтік-экономикалық тұрақты өсуіне ықпал ететін әлеуметтік – экономикалық саясатты, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйелерінде тұтастықты, тиімділікті, мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. 
15. Міндеттері:
1) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру; 
2) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен бюджеттік және инвестициялық саясатты өзара әрекеттесуін жүзеге асыру;
3) мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
4) бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды бағыттарына шоғырландыру;
16. Функциялары:
1) Ақтөбе қаласының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды әзірлеу, түзету облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органымен келісу және Ақтөбе қаласы әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;
2) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын және іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша есепті дайындау, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органға бағдарламаны іске асыру барысы туралы жиынтық есепті белгіленген мерзімде ұсыну және Ақтөбе қаласы әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;
3) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы есебімен бюджет түсімдерін жоспарлау; 
4) үш жылдық кезеңге базалық шығыстар мен жаңа бастама шығыстары үшін бюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру және оларды бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жеткізу; 
5) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларында көрсетілген көрсеткіштерді мемлекеттік органның ережесінде белгіленген құзырына сәйкестігін қарау;
6) үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдерді өтіп кеткен нақтылау, заңнама өзгерістері, бағдарламалық құжаттары, коммуналдық шығыстарға тарифтер өсімі мен инфляция бойынша шығыстарды индексациялау есебімен қарау және жинақтау; 
7) үш жылдық кезеңге қала бюджеті жобасын әзірлеу мен оны бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
8) жоспарлы кезеңге Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту және нақтылау жөніндегі Ақтөбе қалалық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
9) бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес және бар көздер есебімен шығыстар лимитін ұлғайту бойынша қажеттіліктерді қалыптастыру және ұсыныстарды дайындау;
10) Ақтөбе қаласының бюджетін нақтылау (түзету) бойынша ұсыныстар енгізу;
11) Ақтөбе қаласының бюджетін әзірлеу, нақтылау және қала әкімдігінің веб-порталына орналастыру;
12) жергілікті атқарушы органдарының құрылымын және штаттық кестесін келісу;
13) стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген экономикалық мақсаттылыққа, жоба мақсатын саланың даму басымдылықтарына сәйкестігіне бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесін (түзету) әзірлеуге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау; 
14) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ сәйкес үлестірілетін бюджеттік бағдарламалар қаржысы есебінен жүзеге асырылатын қажет технико-экономикалық негіздеме сараптамасын әзірлеу;
15) әзірленетін немесе түзетілетін бюджеттік инвестициялық жобалар тізімін бекіту туралы қала әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеу, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларға технико-экономикалық негіздемелерге қажетті сараптама өткізу;
16) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің технико-экономикалық негіздеме әзірлеуді қажет етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарау, қалалық бюджеттік комиссияда қарау үшін олар бойынша экономикалық қорытынды дайындау;
17) басымды бюджеттік инвестициялар тізімін құру шегінде қалалық бюджеттік комиссия қарауына бюджеттік инвестициялар жобасын енгізу;
18) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қаржымен қамтылуын, растайтын құжаттардың түгелдігін қарау және бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысы есебімен олар бойынша қорытындыны қалалық бюджеттік комиссия қарауына енгізу; 
19) облыстың бюджеттік жоспарлау бойынша органға бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингі, жоспар-кестесі бойынша есепті ұсыну;
20) республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер саны және еңбекақы қоры бойынша мониторинг өткізу;
21) бюджетті нақтылау мен түзетудің қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне мониторинг өткізу;
22) республикалық және облыстық бюджеттің трансферттеріне мониторинг өткізу;
23) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар құрылымы мен мемлекеттік қызметшілердің санаты және саны бойынша ақпаратты облыстың бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органына белгіленген мерзімде ұсыну; 
24) облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың техникалық қызмет көрсететін және қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлердің санаты, лауазымы мен дәрежелері жөнінде ақпараттар ұсыну;
25) облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға белгіленген мерзімде қала бюджетіндегі коммуналдық төлемдер, республикалық трансферттерді бөлу және ағымдағы шығыстар бойынша ақпараттар ұсыну;
26) экономика секторында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне талдау және мониторинг жүргізу;
27) кеңесте, облыс және қала әкімінің отырыстарына қала әкіміне, жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде материалдарды дайындау және ұсыну;
28) концессияға тапсырылуы мүмкін нысандар бойынша ұсыныстар жинау және облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға ұсыну, концессиялық жобаларды жүзеге асыру мониторингін жүргізу;

29) облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органына реттелмелі салықтық төлемдері бойынша бюджет кірісіне түсетін болжам мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау;
30) қала бюджетін толықтыру резервін көздерін анықтау және салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
31) салық салу базасын кеңейту бойынша комиссия отырысына ақпаратты әзірлеп, облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органына комиссия жұмысы туралы ақпараттар дайындау;
32) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдіктің нормативті құқықтық актілері жобасын әзірлеу және келісу; 
33) Ақтөбе қаласына қарасты ауылдық округтарға тұруға және жұмыс істеуге келген мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіреді, құжаттарын әзірлеп, отырыстың хаттамаларын жүргізеді.
17. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Бөлім) құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыры шегінде мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғадан және басқа мекемеден және жеке тұлғадан қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұратуға және алу;
2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Ақтөбе қаласының әкіміне ұсыныс жасау;
3) бөлім құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын ұсыну; 
4) басқа да атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тарта отырып, оның құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңеске қатысу, шақыру;
5) белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімдерін қабылдамау, 
6) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын жасау;
7) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бухгалтерлік, қаржылық және мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша бюджеттің жоспарын  ұйымдастыру жөнінде ақпаратты сұрату және алу;
8) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, олар бойынша өзара міндеттердің талаптары мен сипатын анықтау;
9) арнайы білімдер мен қабілеттерді қажет ететін мәселелерді зерделеуге, кеңестер алу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;

10) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мемлекеттің мүддесін ұсыну.
11) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
12) белгіленген тәртіпте салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1)    ««Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2)    қолданыстағы заңнамаға сәйкес ««Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3)    Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес ««Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ««Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
5)    ««Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.


4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 
24. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      
26. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.