"Ақтөбе қаласының білім бөлімі"ММ

Актөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2
41-71-18 (сенім телефоны)
41-17-15
417118
411715

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 
2012 жылғы «24» желтоқсандағы
№3964 қаулысына 
қосымша

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттің мекемесінің 
Жарғысы

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 030002, Ы. Алтынсарин көшесі, 2.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

13.1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады;

2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

5) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

7) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

9) қала ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;

10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

12) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

14) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

15) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын ұй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

16) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

17) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

18) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қалалық білім беру мекемелері мен ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындайды;

19) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

20) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

21) жергілікті бағыныштылықтағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

22) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

23) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

24) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Міндеттері: 

1) Білім беруге азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызу;

2) Барлық білім беру мекемелерінің ерікті, мәдениетті, адамгершілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту, ведомствалардың, қоғамдық ұйымдардың өзекті мәселелерінің шешілуіне қатынасу;

3) Ақтөбе қаласы бойынша білім беруді дамыту бағдарламасының орындалуы.

16. Функциялары:

1) Жоспарлау және болжау, болашақ жоспарлау, дайындау, білім беру мекемелерінің жүйесін үнемдеу, Базистік оқу жоспарын енгізу, қаланың түрлі түрдегі жалпы білім беретін және т.б. мұқтаждығын зерттеу;

2) Жалпы білім беретін  мекемелердің қызметінің тиімділігін зерттеу, талдау және баға беру, тірек көрсеткіштердің мониторингін жүзеге асыру. Қаланың білім беру жүйесінің жағдайы мен даму тенденциясын сипаттайтын, жалпы білім беру стандартының орындалуын бақылау;

3) Жалпы білім беруге жағдай жасау, мектеп жасындағы балалардың орта білім алып кеткенге дейінгі есебін жүргізу;

4) Жалпы білім беретін мекемелердің ресурстық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру (Оқу-материалдық, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік, қаржы);

5) Балалардың құқығын қорғау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқорлықты және қорғаншылықты ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген ретпен заңды және жеке тұлғалардың арыздарын, өтініштерін қарайды;

7) Ішкі үйлестіру қызметін жүзеге асыру, жоғары органдармен, мемлекеттік мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен, кәсіпорындармен білім беруді дамыту мен қызмет ету мәселелері бойынша қарым-қатынас жасау, балалардың және білім саласындағы қызметкерлердің құқығын қорғау, балалардың денсаулығын, жазғы демалысын, бос уақытын және тамақтануын ұйымдастыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтын алдын алу жұмыстарын жүргізу;

8) Білім беру саласында аймақ аралық байланысты жүзеге асыру;

9) Білім беру жүйесіндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен нормативтік актілері орындауын бақылауды ұйымдастыру;

10) Білім беру саласының міндеттері мен мақсаттарын заңдылыққа және ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес басқару, шешімдерді солардың қызметі жөнінде қабылдау;  

11) Білім беру жүйесіндегі аймақ аралық келісім шарттар мен келісімдер жобасын дайындау және жүзеге асыруда қатынасу;

12) «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бағынатын мемлекеттік мекемелерді, кәсіпорындарды құруында, қайта құруын және жойылуына қатысады;

13) Сараптау кеңесімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын, жеке (сондай-ақ авторлық) оқу жоспарларын бекітеді;

14) Мерзіміне сәйкес жоғары органдарға құрмет белгілерімен үміткерлердің, білім бөлімінің қызметкерлерінің тізімін ұсынады, және де білім қызметкерінің, оқушыларының марапаттауында дербес шешім қабылдайды;

15) «Ақтөбе қаласының білім бөлімі»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және мемлекеттік мекемелеріне мемлекеттік басқару қызметін атқарады;

16) Білім беру қызметін лицензиялауын ұйымдастырады, мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, балаларға қосымша білім беруді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік аттестациядан өткізеді;

17) Мектепке дейінгі балалардың есебін жүргізеді, олардың міндетті жалпы орта білім алуын ұйымдастырады;

18) Міндетті жалпы орта білім, кешкі (кезеңді) оқу формасы, және жалпы орта білім, интернаттық типтер арқылы ұсынылған білімді қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

19) Білім ұйымдарында бастауыштарға, негізгі орта білімге, жалпы орта білімге арналған оқу бағдарламаларын оқулықтар алу және жеткізуді ұйымдастырады;

20) Балаларға және жасөспірімдерге қосымша білім беруді ұйымдастырады;

21) Мектептің қалалық олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады;

22) Қазақстан Республикасы заңымен қарастырылған ақысыз және жеңілдетілген тамақтандыруды жекелеген оқушылар мен тәрбиеленушілерге ұйымдастырады;

23) Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

24) Арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруына, қайта ұйымдастыруына және таратылуына жәрдемдеседі;

25) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.

17. Ақтөбе қаласының білім бөлімінің негізгі міндеттері мен қызметін жүзеге асыру мақсатында өзінің құзырлығы деңгейінде құқылы:
- өз құзырлығының шегінде ЖОО-мен, колледждермен, денсаулық сақтау қызметімен, құқықтық тәртіп және мәдениет қызметтерімен байланыстар кеңейтеді;

- Ақтөбе қаласының білім бөлімінің өз қарамағындағы мекеме басшыларының бұйрығын жоюға құқы бар (іс жүзіндегі заңға қарсы болған жағдайда).

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемегі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңда көзделген тәртіп бойынша Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:    

1) Бөлім секторларының функциялары мен атқаратын қызметтерін анықтайды;

2) Бөлім секторларының өзара байланыстылығын сәйкестендіреді;

3) Бөлімнің ішкі еңбек тәртібін тағайындайды.

4) Бөлім бойынша бұйрықтар шығарып, нұсқауларды бекітеді, сенімхат береді; 

5) Қызметтік құжаттарға, келісім шарттарға қол қояды;

6) Бөлімнің мемлекеттік органдарда және басқа мекемелерде мүддесін білдіреді;

7) Бөлімнің әкімшілік-шаруашылық қызметін жүзеге асырады;

8) Конкурс негізінде, білім ұйымдарының бірінші бастықтарын лауазымына тағайындайды;

9) Заңға сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

22. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

26.1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы кәсіпорындар мен  мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Мемлекеттік мекемелер:

1. "№1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

2. "№2 мамандандырылған орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

3. "№3 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі 

4. "№4 неміс тілін тереңдетіп оқытуға мамандандырылған жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

5. "Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретің орта мектеп» мемлекеттік мекемесі  

6. "Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі 

7. "№8 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

8. "№ 9 орта мектеп - гимназия"  мемлекеттік мекемесі

9. "Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

10. "Неміс тілін тереңдетіп оқытатын  №11 арнаулы орта мектебі"  мемлекеттік мекемесі

11. "№ 12 орта мектеп"  мемлекеттік мекемесі

12. "№ 13 орта мектебі"  мемлекеттік мекемесі

13. "№ 14 орта мектеп"  мемлекеттік мекемесі

14. "№ 15 орта мектебі"  мемлекеттік мекемесі

15. "№ 16 орта мектебі"   мемлекеттік мекемесі

16. "Жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия"  мемлекеттік мекемесі

17. "№ 18 орта мектеп"  мемлекеттік мекемесі

18. "№ 19 орта мектебі"  мемлекеттік мекемесі

19. "№20 орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"  мемлекеттік мекемесі 

20. "Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы"  мемлекеттік мекемесі

21. "№ 22 орта мектебі"  мемлекеттік мекемесі

22. "№ 23 орта мектеп лицейі" мемлекеттік мекемесі

23. "№24 лингвистикалық мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі

24. "Ағылшын тілін терең үйрететін №25 арнаулы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

25. "№ 26 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

26. "Ақтөбе қаласындағы көппрофильді  № 27 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

27. "№ 28 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

28. "№ 29 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

29. "№30 қазақ ортамектебі" мемлекеттік мекемесі

30. "№31 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

31. "Ақтөбе қаласының №32 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі

32. " №33 қазақ орта жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

33. "№34 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

34. "№35 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

35. "№36 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

36. "№37 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

37. "№38 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

38. "№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі 

39. " № 40 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі 

40. "№ 41 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

41. "№42 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

42. "№ 43 негізгі мектеп- бала бақша" мемлекеттік секемесі

43. "№45 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі 

44. "№46 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

45. "№ 47 жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектебі» мемлекеттік мекемесі 

46. "№48 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

47. "№50 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

48. "№ 51 гимназия" мемлекеттік мекемесі

49. "№ 52 негізгі мектеп» мемлекеттік мекемесі 

50. "№ 53 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

51. "№54 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі 

52. "Ақтөбе орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

53. "Благодар орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

54. "Георгиев орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

55. "Елек орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

56. "Құрашасай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

57. "Қызылжар орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

58. "Новый орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

59. "Пригород орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

60. "Россовхоз орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

61. "Сазды орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

62. "Аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесі 

63. "М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 

64. "Заречный п. мектеп -бала бақша кешені» мемлекеттік мекемесі 

65. "Акжар бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі 

66. "Ақшат бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі 

67. "Белогор негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі 

68. "Красносельск негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі 

69. "№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

70. "Кешкі (ауысымдағы) жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар:    

1. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 "Гүлдер" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

2. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 "Бұлбұл" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

3. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 "Ертегі" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

4. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№4 "Көктем" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

5. "№5 "Жұлдыз" санаториялық түрдегі туберкулез ясли-балабақша" мемлекеттік мекемесі

6. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№6 "Орман ертегі" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

7. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" -нің "№7 "Арман" мектепке дейінгі гимназиясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

8. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" -нің "№8 "Балбөбек" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

9. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№9 "Бәйшешек" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

10. "№10 "Алма" сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы" мемлекеттік мекемесі

11. "№11 "Ақбота" көруі мен сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы" мемлекеттік мекемесі

12. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№12 "Інжугүл" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

13. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

14. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№14 "Қонжық" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

15. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№15 "Жидек" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

16. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№16 "Аққайың" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

17. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 "Шұғыла" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

18. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№18 "Гауһар" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

19. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№19 "Бұлақ" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

20. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№20 "Дидар" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

21. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№21 "Кәусар бұлақ" мектепке дейінгі гимназиясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

22. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№22 "Балдырған" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

23. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№23 "Балауса" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

24. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№24 "Аққу" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

25. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№25 "Ерке" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

26. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№26 "Үміт" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

27. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№27 "Айгөлек" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

28. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№28 "Көркем" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

29. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№29 "Арай" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

30. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№30 "Ұрпақ" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

31. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№31 "Күншуақ" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

32. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№32 "Қуаныш" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

33. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№33 "Нұрсәт" мектепке дейінгі білім орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

34. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№34 "Таңшолпан" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

35. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№35 "Балбұлақ" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

36. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№36 "Балақай" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

37. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№37 "Балапан" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

38. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№38 "Әлем" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

39. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№39 "Достық" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

40. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№40 "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

41. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№41 "Назерке" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

42. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№43 "Гүлдәурен" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

43. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№44 "Тұлпар" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

44. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

45. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

46. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

47. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Балалр мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

48. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

49. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қалалық оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

51. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қалалық көркем сурет лицейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

52. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қалалық жас натуралистер стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

53. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қалалық жас туристер стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

54. "Қалалық техникалық шығармашылық орталығы" мемлекеттік мекемесі

55. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақ желкен" аула клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

56. "В.И. Пацаев жас ұшқыштар мектебі" мемлекеттік мекемесі

55. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.