"Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ

Әбілқайыр хан даңғылы 88, Неке сарайы
41-80-03 (сенім телефоны)
418003


Ақтөбе қаласының Әкімдігінің
«10»қараша 2014жылғы
№ 3478
Қаулысымен бекітілді
 

Aқтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің Ережесі


1.    Жалпы ережелер

1.     «Актөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.     Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ведомстволары жоқ.

3.     Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.     Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-қүқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.     Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі азаматтық- құқыктық қатынастарға өз атынан түседі.
6.     Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- қүқыктық қатынастардың тарапы болуға қүқығы бар.

7.     Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі өз қүзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бүйрықтарымен жэне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.     «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қүрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.     Заңды түлғаның орналасқан жері: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, № 145 «Б».

10.     Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11.     Осы ереже Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің кұрылтай құжаты болып табылады.

12.     Актөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің құрылтайшысы - Ақтөбе қаласының әкімдігі. Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, қүқықтары мен міндеттері.

13.     Азаматтардың мүліктік жэне жеке мүліктік емес қүқықтарын қорғау, сонымен катар мемлекеттің мүддесі үшін азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің миссиясы болып табылады.

14.     Міндеттері:

  1. Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Ақтөбе қаласының аумағында азаматтык хал актілерін мемлекеттік тіркеу;
  2. заңнамаға сәйкес уақытылы және толық түрде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жолымен азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес қүқыктарын қорғау;
  3. Актөбе каласы аумағындағы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының сақталуы, есебі және қүралымы бойынша жұмысын
  4. үйымдастыру;
  5. Актөбе каласы аумағындағы құрылған азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесін: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
  6. Неке және отбасы заңнамасы аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  7. Ақтөбе қаласы аумағындағы құрылған, азаматтық хал актілерін тіркеу ақпараттык жүйесін қамтамасыз ету және үйымдастыру.

15.     Функциялары:

  1. Ақтөбе каласы аумағындағы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді іске асырады;
  2. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша қүзыретті органдардың нұсқауларын, іс жүргізудің ережелерін, бөлімнің қызметін қамтамасыз ету бойынша үйымдастырушылық функцияларын атқарады;
  3. заңда белгіленген тәртіпке сәйкес азаматтық хал акт жазбаларына түзетулер. өзгертулер және толықтырулар енгізеді, сонымен қатар акт жазбаларды жояды және қалпына келтіреді;
  4. азаматтық хал акт жазбаларына сәйкес кайталама куәліктер мен азаматтык хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтамалар береді;
  5. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік бланкілерінің есебін жүргізеді, оларды қолдану жэне сақтауға бақылау жүргізеді;
  6. азаматтық хал акт жазбаларының бірінші даналарынан жинақталған мүрағаттык кітаптарды, заңда белгіленген тәртіпке сәйкес Мемлекеттік мұрағатка тапсырады;
  7. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша кеңес беру
  8. жұмыстарын атқарады;
  9. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдайды, арыздар мен шағымдарды қарастырады;
  10. Ақтөбе каласының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу акпараттық жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді;
  11. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін атқарады;
  12. Ақтөбе қаласы аумағындағы құрылған азаматтық хал актілері мемлететтік тіркеу кітаптарының (актілік кітаптарының) сақтауда қажетті талаптарын жасауды қамтамасыз етэді;
  13. Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да қызметтерді аткарады

16. Құқықтары мен міндеттері.

Кұкыктары:

  1. Мемлекеттік билік органдарында жэне басқа да мекемелерде, бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеменінің атынан өкіл етеді;
  2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал акт жазбаларын түзетулер, өзгертулер жэне толықтырулар енгізу, акт жазбаларды жою және қалпына келтіру үшін жэне басқа да қызметтік әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, азаматтық хал актілерін тіркеуді атқаратын органдардан және азаматтардан қажетті мәліметтер мен қүжаттарды талап етеді.
  3. тұрғындарға қызмет көрсету деңгейін көтеру, бөлім жұмысын ұйымдастыруын жақсарту бойынша ұсыныстарын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, Ақтөбе қаласының әкіміне қарастыруға
  4. үсынады;
  5. Бөлім қүзыретіне кіретін жиналыстарды, семинарларды, кездесулерді және де басқа да іс шараларды үйымдастырады және қатысады.
  6. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да қүқықтарды жүзеге асырады.

Міндеттері:

  1. азаматтық хал акт жазбаларын қүра отырып, туу, қайтыс болу, неке қию, неке бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
  2. некеге түрушы түлғалардың, келісімі бойынша туу және неке қиюды салтанатты түрде өткізеді;
  3. Ақтөбе қаласының аумағында құрылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы есепті, қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де есептер мен мәліметтерді ай сайын уәкілетті органдарға ұсынады, сонымен катар, мемелекеттік статистика органына статистикалық есептерді жолдайды;
  4. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтамалар және қайталама куәліктер береді;
  5. Неке және отбасы заңнамасын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тэртібін түсіндіру сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
  6. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал акт жазбаларына түзетулер, өзгертулер және толықтырулар енгізу, акт жазбаларды жою және қалпына келтіру үшін жэне басқа да қызметтік , әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, азаматтық хал актілерін тіркеуді аткаратын органдардан және азаматтардан қажетті мәліметтер мен қүжаттарды етеді.
  7. Азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы істерін жинақтап, қорытынды шығарады;
  8. Азаматтық хал актілерін өзгерту, түзету мен толықтыру енгізу, азаматтық хал актілерін қалпына келтіру және жою үшін істерін жинақтап, қорытынды шығарыды;
  9. Азаматтық хал актілеріне өзгерту, түзету мен толықтыру енгізу, азаматтық хал актілерін қалпына келтіру және жоюды жүзеге асырады;
  10. Азаматтық хал актілерінің тіркеу кітаптарының жэне өзге де құжаттардың белгіленген сақтау мерзімінде сақтап, оларға есеп жүргізеді;
  11. Ақтөбе қаласы бойынша қағаз жэне электронды түрде азаматтық хал актілерінің тіркеу базасын қүрады;
  12. Қолданыстағы заңнама шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, азаматтық хал актілерін
  13. мемлекеттік тіркеу бойынша қүжаттарды сүрату немесе жолдаумен -айналысады;
  14. Қолданыстағы заңнамада, қарастырылған, бекітілген қызметсаласында өзге де міндеттерді атқарады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.


17. Актөбе каласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне басшылықты Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Актөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бірінші басшысын Актөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Актөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болуы мүмкін.

20. Актөбе каласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бірінші басшысының өкілеттігі:

  1. бөлім жұмысын үйымдастырады;
  2. өз өкілеттігі шегінде бөлім қызметкерлерімен міндетті түрде орындалуға тиісті бүйрықтар, нүсқаулар шығарады;
  3. бөлім кызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерін бекітеді;
  4. Бөлім ішінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын ұйымдастырады; 
  5. бөлім мамандарын лауазымға тағайындау туралы бекітілген тәртіпте қолдаухат жазады, жұмыс орнынан босатуға ұсыныстарын береді;
  6. қызметкерлерді үстемелеуге, марапаттауға және жауапқа тартуға ұсыныстарын білдіреді;
  7. мемлекеттік билік органдары және басқа да мекемелермен қарым қатынас кезінде бөлім атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
  8. бөлімнің кұзыретіне қатысты сұрақтар бойынша жергілікті атқарушы органдар және басқа мекемекелер өткізетін жиналыстарына,отырыстарына қатысады;
  9. Азаматтық хал актілері жазбаларының мемлекеттік тіркелгені бойынша мәліметтерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қаржы полицицясының, прокуратураның, соттың, нотариат, адвокатура, қамқоршылық жэне қорғаншылық органдарының сұрауларына, басқа мемлекеттерді қоса алғанда, сондай-ақ басқа мемлекеттердің АХАЖ органдарының сұраулары бойынша хабарлайды;
  10.  жоғары тұрған органдардың бұйрықтарының, шешімдерінің, нұсқауларының орындалуына бақылау жүргізеді;
  11. бөлімнің мамандарымен мекемедегі белгіленген ішкі еңбек тәртібін орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге міндеттерін жүзеге асырады.
     

21. Ақтөбе каласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бірінші
басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға
сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға
сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі.

23. Ақтөбе каласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі заңнамада
көзделген жағдайларда жедел басқару қүқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүлкі оғанменшік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында да тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қалыптастырылады.

24. Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілер    тіркеу бөлімінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру
жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

26. Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкес жүзеге асырылады