«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

Негізгі міндеттер
1. Өз құзыретіне кіретін мәселелерді шешу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
2. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу.
Ақтөбе қ., Жаңақоныс а., Хамит Ерғалиев көшесі, 3
41-70-61 (сенім телефоны)
41-70-63
41-70-64
417064
417063
417061
960866 ветеринариялық анықтама алу

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 
2018 жылғы «22» маусымдағы 
№  3574   қаулысымен
бекітілген
 

 

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала аумағында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

5. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен қабылдайды.

8. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: индекс 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 3 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

-агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту, өңірлік бәсекелестік артықшылықтарын дамыту және аграрлық өндірісті Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру шарттарына бейімдеу;

- ветеринария, адам және жануарларға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғау және ветеринариялық-санитариялық қаупсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

- қала тұрғындарының тамақ өнімдеріне және оны сыртқы рынокқа шығару сұранымын қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру арқылы ауыл шаруашылығының тиімділігін көтеру есебінен экономикалық өсуді жүзеге асыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізу;

-ауыл шаруашылығын дамытудың басымдық бағдарламасын орындау, тұрақты қаржысы бар тауар өндірушілерді құру жөніндегі тетіктерді іздестіру,қаладағы рынок құрылымын ұйымдастыру;

-денсаулық сақтау органдарымен бірге адам мен жануарлар үшін ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;

- жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

-ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

- жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс- шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

- жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізумен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүзеге асыруды ұйымдастыру.

16. Функциялары:

1) орталық аппараттың функциялары:

-аграрлық өнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

-халықты нанмен және басқа да негізгі тағам өнімдерімен қамтамасыз етудің мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру;

-егін шаруашылығында міндетті қамсыздандыру келісімдеріне қол қоюға қатысу;

-агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру;

-ауылдағы шаруашылық субъектілердің қызмет етуінің экономикалық тетіктерін әзірлеуге, жетілдіруге, мақұлдауға қатысу;

-ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оларды қайта өңдеу нәтижелерінің сапа стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

-қаланың аграрлық секторына ақпараттық маркетинг басқару жүйесін ендіруді насихаттау, нарықтық инфрақұрылымды дамыту;

-ғылым мен техника жетістіктерін ендіруге ықпал ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ауыл шаруашылығы ұйымдары мен кәсіпорындарын дамыту бойынша бизнес-жоспарларды құрастыруға қатысу;

-ауыл шаруашылығы құрылымдарынан егістің көлемі, шығымдылығы және дақылдардың жалпы түсімі туралы деректерінің мониторингі;

-ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын сақтау мониторингі;

-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге түрлі организмдер мен мал ауруларына қарсы фитосанитарлық шараларды жүргізуге консультативті көмек көрсету;

-жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды жүргізуін үйлестіру;

-өсімдікті қорғау және карантиндік шектеу саласындағы озық тәжірибені тарату;

-селекциялық асылдандыру жұмыстарын, тұқым шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және сатуды ұйымдастыруға ықпал ету;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сатудың бәсекеге қабілетті технологиясын ендіруге ықпал ету;

-сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға, ішкі және сыртқы рынокта ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемін кеңейтуге ықпал ету;

-мал шаруашылығы саласын дамытудың азық-түлік бағдарламасын әзірлеуін жүзеге асыруға, мониторинг жасауға және талдау жүргізуге ықпал ету;

-қала шаруашылықтарында орта- ірі тауар өндірісін әрмен қарай дамыту бойынша перспективалы бизнес-жоспарларды ендіруге ықпал ету;

-малды қолдан ұрықтандыру және мал өсірудің озат технологиясын ендіру есебінен жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын көбейту және сақтауға ықпал ету;

-мал азығын дайындау және қамтамасыз ету, мал сою жөніндегі қызметтерді көрсетуге мамандандырылған сервис- орталықтарды құруға көмек беру;

-малды асылдандыру, өсіру бағытындағы мамандандырылған құрылымдарды құруға, мал өнімдерін өндіру және өткізу бойынша ассоцияциялар, одақтар құруға ықпал ету;

-асыл тұқым ісі және табынды қалпына келтіру саласындағы асыл тұқымды, мамандандырылған құрылымдарды қоса алғанда мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөніндегі ассоциациялар, одақтар құруға ықпал ету;

-мына бағыттарға арналған қарыз беру тетіктерін жетілдіруге:

1) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін асыл тұқымды өнімдерді сатып алу және қол жетімділікті қамтамасыз ету;

2) малдардың барлық түрлерінің жоғары сыныпты асыл тұқымды аналықтарын сақтау және тиімді пайдалану;

3) жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен бағыттар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту;

-ірі және орта тауарлы өндірістің, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың жұмысы туралы ақпараттарды жинастыру және талдау, бережақтарды азайтуға бағытталған өзара есептесу және келісімдік міндеттерді жүзеге асыруға көмек беру;

-агроқұрылымдардағы орта және ірі тауарлы өндірістерді мамандармен қамтамасыз етуге ықпал ету;

-қаланың аграрлық азық-түлік қауіпсіздігі мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылғы өнімдерін импорттау;

-ірі және орта қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қызметінің жайы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізу;

-ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу саласында озық тәжірибені таратуға және тәжірибе алмасуға ықпал ету;

-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға ұсыныстар беру;

-әкімшілік, кадрлық және құқықтық жұмыстарды жүргізу;

-болжамдарды ұйымдастыру мен әзірлеу, еңбек рыногын зерделеу негізінде кадрлардың ағымды және перспективалы қажеттіліктерін және қанағаттандыру көздерін анықтау, оқу орындары мен жұмыспен қамту қызметтерімен тікелей байланыс орнату;

-бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жүргізу;

-ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарында бухгалтерлік есептің қазақстандық, халықаралық стандарттарын игеруге ықпал ету;

-облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қаржы, несие беру, салық саясаты мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстар жасау және сала қызметіне оңтайлы жағдайлар жасау;

-ауыл шаруашылығы бағытындағы шаруашылық етуші субъектілердің салық салу жөніндегі қалалық салық органдарымен жұмыстарын үйлестіру;

-бухгалтерлік есептің жайына, бюджеттік қаржының мақсатты жұмсалуына, бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша нормативтік актілердің орындалуына бақылаулар жүргізу;

-ауыл шаруашылығы ұйымдарының, өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындардың жұмыстарына қатысты қаржылық, статистикалық және оперативтік ақпараттарды жинастыру және талдау, өзара есептесу,бережақтарды азайту проблемаларын іске асыруға көмектесу;

-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру және қаржыландыру бойынша қаржы, банк мекемелерімен жұмыстарды ұйымдастыру;

- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне инвестициялық субсидиялар берілуіне ықпал ету;

- тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу;

- тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;

- қала шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы техникасының санына, қажеттілігіне және сатып алу мүмкіндігіне мониторинг жасау;

- ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру саласындағы озық тәжірибелерді ендіру;

- ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге, көктемгі егіс жұмыстарына әзірлеуді есепке алу;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

- ауыл шаруашылығының өсімдік саласындағы тұқым шаруашылығының мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іске асыра отырып, мемлекеттік бақылауды жүргізу;

- тұқым саласында тұқымдық және сорттық бақылау, аттестацияланған тұқым өндірушілердің біліктілік талаптарға сай келуіне бақылау жүргізу;

- тұқым шаруашылығына байланысты бюджеттік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету;

- салық органдарынан, сот орындаушыларынан, конкурстық және оңалту басқарушыларынан, техника иелерінен, мемлекетік уәкілетті орындардан келген сұраныс хаттарға ақпарат беру;

-қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

- ветеринариялық (ветернариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп –ұстауды қамтамасыз ету ;

- жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

- жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоюсыз залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өнделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнңмдер мен шикізатың құнын иелеріне өтеу;

- мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекіту;

- тиісті әкімшілік –аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шараларды өткізу ұйымдастыру;

- ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

- қаланың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

- қаланың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

- қаланың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық аурулардың тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

- ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

- қаланың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық- іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

- ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

- облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау мен серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз функцияларын іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды алу және сұрату;

2) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

3) жедел басқару құқығындағы мүлкін пайдалануды іске асыру;

4) мемлекеттік басқару органы болып табылу және жоғары органдардың шешімдеріне сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға оперативті басшылық жасау;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасау;

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;

2) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

 

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18.«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметке босатады.

20. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамаларда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін еңбекке ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлім атынан сөйлейді;

5) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы алынған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы алынған шараларға дербес жауап береді.

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының міндетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.

24. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.