«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты»ММ

Негізгі міндеттер
Жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу келісім- шарттарының орындалуына, сонымен бірге бөлінетін бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және монитроингті қамтамасыз ету; кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу; алқаби кандидаттарының алдын ала бастапқы тізімін жасауды ұйымдастыру; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал ету; әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу; кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету; тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын үйлестіру; халықтың әлеуметтік жағынан әлсз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру; жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихаттың сессияларының жұмысына қатысу; өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру; қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік- құқықтық және өзге де көмек көрсету; мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени- бұқаралық және ағарту іс- шараларын ұйымдастыру; мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін ұйымдастыру; жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру.

Аудан әкімінің және әкім аппаратының қызметін ақпараттық- талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық- техникалық қамтамасыз ету; аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері; ақпараттық технологияларды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды үйлестіру; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу және бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері; аудан әкімінің актілері жобасын дайындау және ұйымдастыру, жоғары тұрған органдардың актілерінің орындалуын ұйымдастыру, тиісті орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету және кадрлық мәселелерді үзеге асыру бағыттарында басшылық жасау; аудан әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық ету.

Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы және елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп- ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; басшылық жүктеген, сондай- ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару; кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар енгізу, аудандағы кәсіпкерліктің дамуына мониторинг, жоспарлау, анализ жүргізу, соның ішінде жастар және әйел кәсіпкерлігін дамыту; үдемелі индустриялды- инновациялық дамытуда мемлекеттік бағдарлама бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылауды жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; инвестицияны қажет ететін, инвестициялық жобалардың төлқұжатын дайындауды ұйымдастыру және кәсіпорындар тізілімін жүргізу; басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлім құзырына кіретін облыс әкімдігінің қаулысын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, Елбасы тапсырмаларын, Жарлықтардың орындалуын қамтамасыз етеді; кәсіпкерліктің дамуындағы салалық бағдарламалардың аймақтық, мемлекеттік жүзеге асырылуына қатысты ақпараттық есептер, материалдардың дайындалуын және ұсынылуын жүзеге асыру; аудандағы кәсіпкерліктің дамуы, соның ішінде жастар және әйел кәсіпкерлігінің дамуына мониторинг, жоспарлау және анализ жүргізу; кәсіпкерліктің даму жолындағы заңдық базаны жетілдіруге ұсыныс енгізу; кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында халықты микрокредиттік сұрақтары бойынша қоғамдық қордың жұмыстарын ұйымдастыру; шағын кәсіпкерлік шеңберіндегі кемшіліктердің жойылуына ұсыныстар енгізу; бөлімдегі электрондық құжат айналымын қолдануда және оны енгізуді жүзеге асыру; кәсіпкерлік қызметтіңсубъектілеріне олардың жұмыстарын ұйымдастыруда әдістемелік консультациялық көмек көрсету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару; бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін, жұмысын уақытылы және сапалы орындалуын бақылау; іс жүргізуді нақты ұйымдастыру, жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз- шағымдарды қарау, қызметтік құжаттардың, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар шағымдарының орындау мерзімін бақылауды ұйымдастыру, мөр, мөртабан, нұсқау,ереже және басқаларды тіркеу, сақтау және есебін жүргізу; бухгалтерлік есептің жүргізілуін бақылау; кадр мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу; басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Қарғалы ауылы, 60 лет Октября, 70 Б көшесі
41-62-65 (сенім телефоны)
416265

Ақтөбе қаласының әкімдігінің
2018 жылғы 2 мамырдағы
№2511 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерге, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы болып Ақтөбе қаласының әкімдігі табылады.

6. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 

7. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, азаматтық-құқықтық қатынастырдың тарапы болуға құқығы бар. 

8. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған актілермен ресімдеумен қабылдайды.

9. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030004, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылы, Сатпаев көшесі, № 50Б үйі.

11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима района «Алматы» города Актобе».

12. Осы Ереже «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

13. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

14. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функцияларына жататын міндеттерді орындау кезінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

15. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасың қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

16. Міндеттері:
1) әкім қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді іске асыру.

17. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс, қала және аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
2) қала, облыс әкімі аппараттарымен, қалалық және облыстық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету; 
3) аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызмет құжаттарын, хаттар мен өтініштерді қарастыру, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, құпия құжаттамамен жұмыс істеу, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізудің жетілдіруілін қамтамасыз ету; 
4) аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін шараларды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету, олармен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру;
5) аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысты ұйымдастыру, оқуды, тәжірибеден өтуді ұйымдастыру;
6) қаланың коммуналдық меншігін қалыптастыруға, сондай-ақ оны ұстау және қорғау жөнінде іс-шараларды өткізуге қатысу;
7) заңнамаға сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындау және жасау;
8) құқықтық актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін және ағымдағы мезетке қолданудың өзектілігін тексеру;
9) жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу келісім-шарттарының орындалуына, сонымен бірге бөлінетін бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингті қамтамасыз ету;
10) қадағалау органдарының актілерін өз құзыреті шегінде қарау, кемшіліктерді жою және оған жол бермеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізу. тиісінше жауаптарды, ұсыныстарды және нормативтік құқықтық, құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
11) кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу;
12) алқаби кандидаттарының алдын ала бастапқы тізімін жасауды ұйымдастыру;
13) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал ету;
14) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;
15) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына ықпал ету;
16) шаруа фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді; 
17) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
18) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын үйлестіру; 
19) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
20) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;
21) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихаттың сессияларының жұмысына қатысу;
22) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; 
23) мемлекеттік мекеменің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
24) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
25) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
26) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету;
27) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастыру;
28) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
29) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін үйлестіру;
30) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
31) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды үйлестіру;
32) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін жұмыстарды ұйымдастыру.

18. Құқықтары мен міндеттері:
1) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажет ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұратуға және алуға;
2) барлық ақпараттық мәліметтер түрлерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнасымен белгіленген тәртіпте құпия ақпараттарды пайдалануға;
3) Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жүргізуге жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
5) ауданның бюджеттік бағдарламсының әкімгері болып табылады;
6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады, тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарының міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуге;
7) «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іс жүргізуді, мекеме құжаттарының сақталуын «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жабылған жағдайда құжаттардың мемлекеттік сақталуын қаматамасыз етуге;
8) Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің заңнамаға және қолданыстағы заңнамамен белгіленген әкімшілік рәсімдерге және заңнамаға сәйкестігіне жауап береді;
9) қала әкімінің, аудан әкімінің және Ақтөбе қаласы әкімдігінің тапсырмаларын міндетті түрде орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық пен қылмысқа жеке жауапкершілікте болады.
20. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қалалық мәслихаттың келісімімен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
21. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
22. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзыреті:
1) аппарат қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін заңнамамен белгіленген тәртіпте қарастырады;
2) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарына бекітеді;
3) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
4) сенімхаттар береді;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде өкімдер шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
7) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
8) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
9) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
10) Қазақастан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
11) басқа мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
12) «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, сондай-ақ оған өзгертулерді енгізуді қала әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
13) әкімші болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды сапасыз жоспарлағаны және нәтижелерге қол жеткізбені үшін жауапты болады;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, орталық және жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілері нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
15) өз құзіреті шегінде өтініштерді, арыздарды, шағымдарды қарастырады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
16) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмысты ұйымдастырады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған жағдайда, оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оныалмастыратын адам жүзеге асырады. 

23. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының құзыретін айқындайды. 

 24. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын аппарат басшысы жүзеге асырады.

25. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

26. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңнамамен қарастырылған жағдайда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуға құқығы бар. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен берілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, өз қызметі нәтижесінде және басқа көздерден және сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

27. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ болып табылады.

28. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

29. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі оған бекітілген мүлік және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікпен, егер заңнамамен қарастырылмаған болса, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

30. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.